АҚШ-та мұғалім OnlyFans-тағы парақшасы үшін жұмыстан шығарылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Миссури штатында басшылық OnlyFans платформасындағы аккаунты туралы әшкере болған мұғалімді жұмыстан шеттетті, деп жазды People-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
42 жастағы әйел әрі екі баланың анасы мектептегі қосымша жұмысын екі жыл бойы эротикалық контент жасаумен қатар алып жүрген.
Мұғалімнің айтуынша, ол жеке өмірі мен кәсібін қатаң түрде бөліп қарастырған, жұмыс уақытында контент жасамаған және қауіпсіздік бойынша барлық қажетті тексеруден өткен. Оның аккаунты туралы кадр агенттігінің басшылығына анонимді түрде хабарланған.
Жұмыстан қуылған мұғалім педагогтердің төмен жалақысы әйелдерді қосымша табыс көзін іздеуге мәжбүрлейтінін мәлімдеді.
Жағдай көпшілікке жарияланып, ұстаз сабақ беруден шеттетілгеннен кейін оның парақшасындағы жазылушылар саны күрт өсіп, бұл оған айтарлықтай қаржылық табыс әкелді. Әйел болған жайтқа өкінбейтінін, алайда өз балаларының мектеп өміріне қатысуына шектеу қойылуы мүмкін екені оны қынжылтқанын атап өтті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2444800-aqsh-ta-mugalim-onlyfans-tagy-paraqshasy-ushin-zhumystan-shygaryldy/