Қытайда динозаврлар дәуірінен бастау алатын D-rex алып саңырауқұлағы табылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ғалымдар Юньнань провинциясынан салмағы 2,2 килограмға жететін, 65 миллион жыл бұрын пайда болған бірегей саңырауқұлақты тапты, деп жазды ScienceDaily-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қытай ғылым академиясы Куньмин ботаника институтының зерттеушілері Юньнань провинциясының орман алқаптарына жасаған экспедициялары кезінде ресми түрде Dianjunus rex және бейресми түрде D-rex деген атау алған ерекше ірі саңырауқұлақты тапты. Ақшыл түсті көбею құрылымдары Дамайди, Ипинлан және Наньбан маңындағы қоңыржай қылқан жапырқты және тропиктік ормандарда Қытай тығын еменінің тамырынан тікелей өсіп шыққан.
Бұл олжа морфологиялық белгілері мен геном құрылымы бойынша бірегей болып шыққаны соншалық, микологтар оны Xylariales отрядының ішіндегі Dianjunaceae атты мүлде жаңа тұқымдасқа бөлді. Бұл ағзаның жемісті денелері аскомицеттер үшін рекордтық көрсеткішке ие – биіктігі елу сантиметрге және салмағы 2,2 килограмға жетеді. Бұл топтың бұрыннан белгілі түрлері жиырма-отыз сантиметрден асқан емес.
Молекулярлық сағат әдісімен жүргізілген талдау жаңа тұқымдастың эволюциялық тармағы шамамен 65 миллион жыл бұрын, яғни ұшпайтын динозаврларды жойып жіберген бор-палеогендік кезеңнен кейін небәрі бір миллион жыл өткен соң пайда болғанын көрсетті. Зерттеудің авторы, доцент Индунил Сенанаякенің айтуынша, ғаламдық апаттан кейін ормандарда өлі ағаш қалдықтары орасан зор мөлшерде жиналған. Бұл шіріндімен қоректенетін саңырауқұлақтардың белсенді дамуы үшін тамаша экологиялық орта қалыптастырды.
Ерекше алып болуы D-rex саңырауқұлағына орман төсенішінен биігірек көтерілуге және қалың ну орман арасында піскен спораларды жел арқылы тиімдірек таратуға көмектесті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2448851-qytaida-dinozavrlar-dauirinen-bastau-alatyn-d-rex-alyp-sangyrauqulagy-tabyldy/