Наубайханаға кіріп кеткен аллигатор дүкен иесін шошытты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Солтүстік Каролина штатының Саутпорт қаласында ұзындығы бір метр болатын аллигатор наубайханаға байқатпай кіріп кетіп, тапсырыс беру аймағына дейін жеткен, бұл туралы UPI-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлады.
Оқиға Bagel Dock Express наубайханасында болды. Бұл кезде наубайханада келушілер болмаған. Қызметтік кіреберіс есігі ашық қалып, бауырымен жорғалаушы дүкенге кіре алған. Бейнебақылау камераларының жазбаларына қарағанда, жыртқыш өндіріс бөлмелері арқылы еркін жорғалап өтіп, қызмет көрсету залындағы тіреуіштің қасында тоқтаған.
Күтпеген қонақты байқаған дүкен иесі оған жақындамай, бірден 911 құтқару қызметіне хабарласқан. Оқиға орнына Саутпорт қаласының полиция қызметкерлері мен жануарларды қорғау қызметінің мамандары келді.
Олар ұзындығы шамамен бір метр болатын аллигаторды ұстап, қызметтік көлікке салып, алып кетті. Иесі оқиға кезінде наубайхана келушілерге жабық болғанын айтты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/2452790-naubaihanaga-kirip-ketken-alligator-duken-iesin-shoshytty/