jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Түркияда алаңға жүгіріп шыққан түлкі футбол матчының өтуіне кедергі келтірді

түлкі
Түлкі. Иллюстциялық рафото: pixabay.com

Түркияның Кайсери қаласында футбол матчы кезінде алаңға кенеттен жабайы түлкі жүгіріп шығып, төрешіні ойынды тоқтатуға мәжбүр етті, деп жазды UPI-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шақырылмаған қонақ Kayserispor және Muglaspor командалары арасындағы кездесудің қызған шағында көгалға шықты. Бүкіл алаңды айналып шыққан жыртқыш жарнама қалқандарынан қарғып өтіп, тікелей трибунаға көрермендерге қарай бет алды.

Түлкінің бұл әрекеті футболшыларды да, қауіпсіздік қызметшілерін де таңғалдырды. Жануар жанкүйерлердің қатарына жасырынып, стадиондағылардың көңіл күйін көтеріп, көпшілікті күлкіге қарық қылды.

Ойыншылар мен көрермендерге қауіп төніп тұрмағанына көз жеткізу үшін төреші матчты аз уақытқа тоқтатуға мәжбүр болды. Көп ұзамай аң трибунадан кетіп, ойын штаттық режимде жалғасты. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға салдарынан қатысқандардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram