jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

АҚШ-та қашып кеткен үш альпака көше аралап, көптің назарына ілікті

Альпакалар
Альпакалар. Фото: facebook.com/ScarboroughPD

Мэн штатының Скарборо қаласында қашып кеткен үш альпака патрульдік полицейлер байқағанша көшелерді аралап үлгерді. Бұл туралы UPI-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлады.

Ерекше оқиға Скарборо қаласында болды. Патрульдіктер Ту-Род-роуд маңындағы Скоттоу-Хилл-роуд бойында жүрген альпакалар тобын көрді.

Иелері жақын маңда болмағандықтан, патрульдіктер қашқындарды суретке түсіріп, әлеуметтік желілерде жазба жариялады. Полицейлер жергілікті тұрғындардан өздерінің төрт түліктерін алып кетуді сұрады.

Көп ұзамай альпакалардың қожайыны анықталды. Серуендеу кезінде ешбір жануар да, адам да зардап шеккен жоқ.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram