jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ЖЖ
Жанар Жансеит
Бұрынғы қызметкер

Иоганн Себастьян Бахтың бірқатар шығармасын әйелі жазған

: UGC

Атақты неміс композиторы Иоганн Себастьян Бахтың ең танымал деген шығармаларының бірсыпырасын оның екінші әйелі Анна Магдалена жазған. Мұндай сенсациялық мәлімдемесімен Чарльз Дарвин атындағы австралиялық университеттің музыка профессоры Мартин Джарвис бөлісті.

"Бах шығармаларынан "әйелдің стилі" байқалатыны туралы алғашқы пікірін Джарвис 2006 жылы айтқан болатын, алайда әлемнің ғалымдар қауымдастығы оның бұл мәлімдемесіне мән берген жоқ, - деп жазады басылым. 

Бірақ соңғы жылдары ғалым түрлі зерттеулер жүргізіп, сөзін дәлелдейтін деректерге көз жеткізген сыңайлыү

Бахтың музыкалық қолжазбаларына жүргізілген жаңа талдау олардың бірқатарын композитордың екінші әйелі Анна Магдалена жазғанын көрсетіп отыр. Ол партитураларды түзетіп, әуеннің ырғағын құлаққа жағымды ету үшін қажетті өзгерістер енгізіп отырған.

"Америкалық криминалистер мен жазу-сызу саласындағы арнайы мамандардың қолжазбаға жүргізген зерттеуі осындай қорытынды шығарды", - деп жазады басылым.

Анна Магдаленаның арнайы музыкалық білімі болған және ән айтқан. Сондай-ақ ол нота түсірумен де айналысқан. Осыған байланысты, Мартин Джарвис пен тағы бірнеше ғалым Бахтың қолжазбаларында бірқатар шығарма оның екінші әйеліне тиесілі деген тоқтамға келіп отыр.

"Нота жазудағы қолдың қозғалысы, түзетулер – мұның бәрі Анна Магдалена күйеуінің шығармаларын нотаға түсіріп қана қоймай, ара-тұра өз әуендерін де дүниеге әкелгенін дәлелдейді", - дейді криминалист Хейди Харралсон.

Мамандар Бах қаза болғаннан кейін оның туыстары Анна Магдаленаның туындыларын қаса-қана өртеп жіберуі де мүмкін деген ойда. Джарвистің жүргізген ғылыми зерттеуінің негізінде деректі фильм түсіріліп, алдағы аптада Ұлыбритания жұртшылығының назарына ұсынылады.

Иоганн Себастьян Бахтың бірқатар шығармасын әйелі жазған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.