Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеуді мойындатқан азиялық арулар (фото)

Опубликовано:

Мәскеуде жетістіктерге жетіп, танымалдылыққа ие болған азиялық арулардың тізімін comode.kz басылымы жариялады.

Танмыл әртіс Равшана Куркова

Танмыл әртіс Равшана Куркова Ташкентте әртістер отбасында дүниеге келген. Оның әкесі Бахрам Матчанов Марк Вайльдің танымал "Ильхом" театрында өнер көрсеткен.

Равшана 12 жасында өзбек режиссері Рашид Маликовтің "Тайна папоротников" фильміне түседі.

Мәскеуге 17 жасында келіп, "Останкинода" гримерлік жұмыстан мансабын бастаған ару біртіндеп фильмдерде рөлдерді сомдай бастайды.

Линда, Кентау

90 жылдары танымал болған әнші Линда Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында дүниеге келген. Оның шын есімі - Светлана Гейман.

Туыстары Светлананы кішкентай кезінен иврит тілінен «күн» мағынасын беретін Лейбла, Лейбэла немесе Лина деп атайтын.

Әнші Мәскеуге 15 жасында келді. Ол жерде Линда театрға әуестеніп, халық әндерін айтумен болды. Гнесинский училищесінің вокалдық бөлімін үздік бітірді. Ресейлік шоу-бизнесте продюсер Макс Фадеевпен кездескен кезінен танымалдылыққа ие болды.

Севара Назархан, Әндіжан

Танымал өзбек фолк-әншісі Севара Назархан Әндіжанда дүниеге келген. Өзбекстанның Мемлекеттік консерваториясында білім алған.

Мәскеуді өнерімен бағындырмас бұрын әнші халықаралық сахнада танымал болады. Ол ағылшын музыканты Питер Гэбриэлмен бірге Лондонда альбомын жарыққа шығарып, BBC World Music Awards нұсқасы бойынша Азияның ең үздік әншісі атанады.

2012 жылы Севара "Бірінші" арнада"Голос" байқауына қатысып ресейліктердің назарына ілігеді.

Ульяна Сергеенко, Өскемен

Ресейдегі ең танымал дизайнерлердің бірі Ульяна Сергеенко Шығыс Қазақстанның Өскемен қаласында дүниеге келген.

15 жасында Санкт-Петербургке отбасымен көшіп, кейін Мәскеуге келеді. Дизайнердің туындылары Мәскеумен қоса Парижді де бағындырады.

Ульяна мансабын Мәсукеуде жалғастырғанымен, туған елін өз туындылары арқылы дәріптеп отырады.

Гүлжан Молдажанова, Алматы

Бұл ханымды Ресейдегі ауқатты қазақ деп атайды. 2012 жылы ресейлік Forbes оны "ең қалталы ресейлік топ-менеджерлер" рейтингісінде 23 орынға қойды. "Базовый элемент" компаниясының бас директоры миллиардер Олег Дерипасканың активтерін басқарады. Оның қоластында он мыңдаған жұмыскер қызмет етеді.

Гүлжан Алматыда дүниеге келген. ҚазҰУ-де физика саласын меңгеріп Мәскеуге оқуға түседі. Мәскеу мемлекеттік университетінде бірге оқыған Олег Дерипаскамен қарым-қатынас орнатады. Мансабын хатшылықтан бастаған Гүлжан қазірде Ресейдің ең ауқатты әйелдері қатарында.

Наргиз Закирова, Ташкент

Танымал рок-фолк әнші Ташкентте Закировтар отбасында дүниеге келген.

Наргиз 4 жасынан сахнаға шығып, 1995 жылы Америкаға кетеді. 2013 жылы Мәскеуге келіп, "Голос" жобасында бағын сынайды.

Леонид Агутиннің қолдауымен финалда 2 орынды алады. Продюсер Максим Фадеевпен бірге әндер жазып, танымал болады.

Лера Кудрявцева, Өскемен

Танымал тележүргізуші Өскеменде ғалымдар отбасында дүниеге келген.

Мәскеуге 16 жасында көшіп, ТВ-6 арнасының кастингісіне қатысады.

Оны тележүргізушілікке ерекше келбеті үшін таңдап алады.

Линда Нығматулина, Алматы

80-жылдардың танымал әртісі Талғат Нығматулиннің қызы. 3 жасынан қазақ кино өнеріне келген Линда 10 жыл бұрын Мәскеуге көшіп, сол жерде телехикаялар мен фильмдерге түсе бастайды.

Жақында продюсер Федор Бондарчуктің атақты "Вычислитель"фильмінде рөл сомдады.

Онымен бірге Евгений Миронов, Анна Чиповская, Винни Джонс түсірілімге қатысты.

Светлана Назаренко, Бішкек

Танымал "Город 312" тобының  әншісі Светлана Назаренко көпшілікке Ая есімімен белгілі.

Бішкекте дүниеге келген әнші тобының атына Бішкектің телефон кодын таңдайды.

Ресейде танымал болуы үшін Светлана 5 жылын жұмсады.

Раушан Қанапьянова, Ақмола облысы

Ресейлік саяси элитада танымал жалғыз қазақ ханымы Раушан Қанапьянова Шыңғысханның тікелей ұрпағы саналады.

Мәскеуде өз партиялық желісін ашқан Раушан саяси мансабын тоқтатпайды. Бүгінгі күнде Қанапьянова қоғамдық оқытушылық қызмет атқарады. Мәскеу билігі тұсындағы ұлттар ісі бойынша Кеңес президиуымының мүшесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/763340-maskeudi-moyyndatqan-aziyalyq-arular/

pixel