Батыс Қазақстан облысының көрікті жерлері
Жарияланған күні:
Батыс Қазақстан облысы көз тартарлық табиғатымен талайдың таңдайын қақтырған. NUR.KZ порталы moya-planeta.ru-ға сілтеме жасап Батыс Қазақстанға жол тартқан саяхатшылардың жазбасын назарларыңызға ұсынады.
Шөл даланың әдемі жарларға ұласуы Үстірт шоқысының өзіндік ерекшелігі іспетті. Шоқының биіктігі 350 метрге, ал қабаттарының жасы 400 млн жылға барады.
Бозжира
Бозжира – Үстірт шоқысының ең көрікті жері. Ондағы "Азу" атты екі таудың биіктігі кемінде 200 метрге барады.
Қарынжарық
Одан әрі біз Қарынжарық ойпатына жол тарттық. Аталмыш ойпат Қазақстанның ең батыс өңірі саналады. Көз тартарлық ойпаттың қалай түзілгенін түсіну үшін бұл өңірге қайта-қайта келе бергің келеді.
Ойпат теңіз деңгейінен 75 метр тереңдікте орналасқан. Мұны елестетудің өзі қиын.
Батыс Қазақстанға барып тұрып, Ақтауға соқпай кету - қылмыс болар? Қала өзінің дымқыл, тұзды ауасымен, шақырайған күнімен және жылы жүзді тұрғындарымен қарсы алды.
Ақтау 1961 жылы «тұруға қолайсыз» жерде салынған. Бүгінде қала табиғи газ арқылы жұмыс істейтін ерекше тұщытқыш қондырғыларымен танымал. Ал Кеңестік одақ кезеңінде қала энергия көзі ретінде бейбіт мақсаттағы атомды пайдаланған.
Терезеден теңізді қарап отыруға не жетсін? Біз Түлкілі деген мекенге жол тарттық. Бұл шығанақтың суы ерекше түске боялған. Улы емес сужыландарына және су балдырларына толы.
Қайтар жолда Арал теңізіне соғып қайттық. Тұзды шөлдің ортасындағы тот басқан қайықтар мен қаңыраған шақырым жерлер кезінде теңіз суына толы болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/986625-batys-qazaqstan-oblysynynh-korikti-zhe/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.