Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемге әйгілі 10 әйел

Опубликовано:

Әйел – нәзік жанды жаратылыс иесі. Көркем, әдемі және қайсар тұлға. Халқымыз “қыздың қырық жаны бар” деп әйелдің төзімділігін тілге тиек еткен. Тіпті иығына екі адам мінгескен хас батырлар да әйелдің төзіміне шыдас бермейтін көрінеді деп хабарлайды anabol.kz.

Сондықтан болар, есімі елге белгілі, әлемді өзгерте білген әйелдеріміз тарихтың төрінен орын алған. Әйгілі әйелдердің жасаған ерліктерімен таныса отырыңыздар.

Клеопатра

Египет елінің әйел патшасы. Македония династиясының соңғы басшысы, Александр Македонский Птоломейдің басты әскербасы. Египеттегі Александр империясы құлағаннан кейін жаулап алушы. Терең білім иесі, данагөй, жігерлі және өзіне сенімді Клеопатра халықты өзіне еліктіріп алатын қасиетке ие болған. Ер жігіттің қолында болған билікті, патшайым сәтті пайдалана білген. VII Клеопатра өзінің ағаларымен 21 жыл басқарған.

Коко Шанель

Коко Шанель  ХХ ғасырдың бірден-бір үздік моделі. ХХ ғасырдағы әлемдік сән үлгінің беткеұстар тұлғасы. Ол әйелдік пен мәңгілік классиканың, кербездіктің нышаны. Коко Шанель нәзік жандылар қауымына жоғарғы стильдегі киімдер ғана емес, парфюм, қысқа шаш үлгісін, тұрмыстық киімдерді, шалбарды, кішкентай ғана қара көйлекті және "Chanel №5" иіссуын тарту етті.

Сөз зергері бола білген Коко Шанель "Әйел 30 жасында сұлу көрінбесе, ол нағыз ақымақ" деген екен. Үйленгелі жүрген серісі аяқ астынан қаза болған соң, махаббатына адал болған Шанель өмір бойы тұрмыс құрмай өтті.

Маргарет Тэтчер

Маргарет Тэтчер Тарихта «Темір ханым» деген атпен танымал. Маргарет Хильда Тэтчердің Ұлыбританияда өз орны бар. Тэтчердің қыз кезiндегi аты-жөнi – Маргарет Робертс. 1925 жылғы 13 қазанда дүкенші отбасында дүниеге келдi. 19 жасында Оксфорд университeтiнe түсуге келеді.

Отбасы үмітін ақтаған ару «Органикалық химия» мамандығын алған соң, бipаз yaқыт химия кәсiпорындарында қызмет icтeйді. Кейіннен Маргарет адвокат атағын алу үшін емтиханды үздiк тапсырып, одан әрі адвокаттықпен шұғылданады. Ол белсендiлігі, күш-жiгерi мен iскерлiгінің арқасында 1959 жылы парламентке сайланады.

1970 жылы Маргарет Тэтчер Эдвард Хит үкiметiнде Оқу және ғылым министрi болды. Ол консерваторлар партиясының белсендi мүшесiне айналып, 1975 жылы Эдвард Хиттiң консерваторлар партиясында жетекшiлiк орынды иелендi. 1979 жылы партия жалпы сайлауда жеңiске жеттi. Британ тарихында тұңғыш рет әйел премьер-министрi болды.

Тереза Ана

Мейірімді жүректің иесі Агнес Гонджа Бояджиу (Тереза Ана) аскөк сатумен айналысатын өте қарапайым отбасында дүниеге келген. Отыз алты жасқа келгенде жағдайы нашар әйел өзінің мейірімге толы жүрегі мен ерекше ынтасының арқасында Халықаралық Қайырымдылық ұйымын құрады.

Қазір бұл қордың құрамында әлемнің сексен елінен тіркелген 300 мың адам бар. Ұйым балалар мен жетімдер үйін, ауруханаларды, қарттар үйін қамтиды. Қазір Калькуттадағы бір ғана орталықтың өзінде 10 000-ға жуық адам емделіп жатыр.

Томирис

Сақ патшайымы Тұмар (Томирис) ханша (б.д.д. 570-520 жж.) - әлемдегі ең атақты әйел патшалардың бірі. Оның атақты болып, есімінің тарихта енуіне парсының әйгілі патшасы Кіреуке (Кир) (б.д.д. 558 – 530 жж.) себеп болатын.

«Жеңілуді білмейтін», Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген Кіреукенің әскерін Тұмар ханшаның тас-талқанын шығарғанын бүгінгі жұрт аңыз қылып айтып жүреді.

Индира Ганди

Шығыс әйелдері арасынан шыққан тұңғыш үкімет басшысы 1917 жылы тәуелсіз Үндістанның алғаш премьер-министрі Джавахарлал Нерудің отбасында дүниеге келген. 1966—1977 және 1980—1984 жылдары Үндістан премьер-министрі қызметін атқарған. Билікке келген жылдары бақталастары оны "ақымақ қуыршақ" деп мазақ еткен болатын.

Алайда ол өз елінің тарихына Үндістан үкіметін бірнеше жыл бойы салиқалы түрде басқарған іскер, көрегенді әйел ретінде енді. Ақылды саясаткер мемлекеттің халықаралық дәрежесінің жоғары деңгейге көтеріліп, нығаюы үшін көп қызмет атқарды. Бүгінде Индира ханымды Отаны ғана емес, күллі әлем құрметтейді. Ол өмірге Раджива және Санджая есімді ұлдарды әкелді.

Айша ханым

Айша – Әбу Бәкірдің қызы, Мұхаммед пайғамбардың сүйікті жұбайы, жанқияр көмекшісі әрі оның хадистерін жеткізушілердің бірі. Ислам тарихында Аллаһ расулының (с.а.с.) пәк, сүйікті әйелі, “мүминдердің анасы” әрі Әбу Бәкір әс-Сыддықтың қызы Айшаның маңызды орны бар. Аса ақылды, мінез-құлқы көркем, пәктігін тақуалықпен ұштастыра білген мүминдердің анасы – Айша фиқһ, хадис, Құран тәпсирі ілімдерін де жетік меңгерумен ерекшеленді.

Жанна д’Арк

Жанна д’Арк француздардың ұлттық батыры, жүзжылдық соғыс (1337 — 1453) кезінде француз халқының ағылшындарға қарсы азаттық күресін басқарған қолбасшы. Шаруа отбасында дүниеге келген. Он үш жасынан бастап атағы шыққан батыр қыз Орлеан жеріндегі соғыстарда көзсіз ерлік көрсетіп, Франция королімен бетпе-бет кездескен.

Жанна д’Арк басқарған жасақ үлкен жеңістерге жетіп, 1429 жылы 8 мамырда ағылшындардың қолында болып келген Орлеан қаласын азат етті. Осы еңбегі үшін халық оны "Орлеан қызы" деп атап кетті.

II Елизавета

II Елизавета – әлем тарихының тірі аңызы. Әлем халқы оны әлі күнге дейін британдық империяның нышаны ретінде қабылдайды. Қаншама билеушілер ауысты, небір қанды қырғын соғыстар өтті, мыңдаған елдер бұршақтай бытырап, жаңа мемлекет құрылды. Бірақ, Британ ханшайымы мен монархия ғана өзгермеді. Тақтағы 60 жыл - аз мерзім емес. Тарихта мұншама уақыт билікте отырған Таиланд королі ғана екен.

Диана Спенсер

Диана Спенсер кезінде Ұлыбританияның ханшайымы болған (Чарльз ханзаданың жұбайы). Алайда ақсүйектердің өміріне үйренісе алмаған және күйеуімен жараспаған Диана екі баласының бар болғандығына қарамастан, Чарльзбен ажырасып кетеді.

Ол өзінің барлық ғұмыры мен байлығын қайырымдылыққа арнайды: сирек кездесетін жануарлардың құқығын қорғады, әрі қауіпті қаруларды жою шараларын жүргізіп, мыңдаған жетімдер мен ауруларға көмектесіп, көпке үлгі бола білді. Әлемге ханшайым Диана деген атпен белгілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/990568-alemge-aygili-10-ayel/

pixel