Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жыныстық қатынас ережесі: Еріңіздің көңілі тек сізде болу үшін не істеу керек?

Жарияланған күні:

Қарым-қатынас
Жыныстық қатынас ережесі: Еріңіз тек сізді қалау үшін не істеу керек: pixabay.com

Ер адамдар көп жағдайда шаршағанда әйел адамнан көңіліне демеу, жанына тыныштық іздейтіні жасырын емес. Осы орайда олар жыныстық қатынаста да сүйіктісі көңілін барынша ауласа екен дейді. Бүгінгі материал ер-азаматтардың көңілінен шығу үшін не істеу қажет деген сауал төңірегінде болмақ.

Үй жинауды, жақсы көрініп, бала бағуды білетін әйелдер аз емес, алайда еркекке оның айрықша екенін сездіре білетін әйелдің саны аз. Comode редакциясы еріңіздің көңілін аулауға сеп болатын "төсек құпияларын" бөліспек.

Жыныстық қатынасқа құмарлықпен беріліңіз

Күйеуіңіз үшін ең қалаулы серік болу үшін сізге жыныстық қатынасқа ерекше құмарлықпен, бар ынтаңызбен кірісу қажет. Осы процеске ерекше ықыласпен қатысыңыз, ұялмаңыз, серігіңізді жиірек сүйіңіз. Еркектер әйелдердің жыныстық қатынасқа толықтай беріліп, өз махаббатын білдіруге қысылмауын қалайды. Осындай жарқын қатынастардың басында орын алып, кейін жұптар бір-біріне үйренісіп кетеді де, жыныстық қатынас қалыпты іске айналады.

Тәжірибеге дайын болыңыз

Еркектер түрлі тәжірибені жақсы көреді, бірақ мұны жұбайына айта бермейді. Осындай жағдайда әйелдің өзіне бастама таныту қажет. Алайда маңыздысы тәжірибеде көбірек ләззат алу емес, көбірек жаңа әсер алу керек екендігін есте сақтау.

Мүмкін, сізге әлдебір нәрсе ұнамайды, бірақ бір нәрсені тағы қайталап көргіңіз келер. Ешнәрседен бас тартпаңыз. Күйеуіңізбен белгілі бір белгілерді немесе сөздерді пайдалануға келісіп алыңыз.

"Иә" дей беріңіз

Жұбайлардың өзінің қалауын ашық айта алса, онда төсен қатынасыда жеңілдейтін еді.

Жай ғана «иә», «ақырын», «жоғарырақ», «төменірек» деумен-ақ барлығын түсіндіруге болады. Осылайша ер адам қамықпай, бикеш оның аймалауын қажет жаққа қарай бағыттай алады. Еркектер өз денелері туралы айтып беруге дайын әйелдерді нағыз сыйлық ретінде қарастырады.

"Жоқ" деп айтуды үйреніңіз

Әйел адам әдетте ерінің қалауын бірінші орынға қойып, өзінің тән ләззатын кейінге ысыруға бейім. Еркектер үшін қарсылық білдіретін әйел тартымды. Егер әйел әрдайым дайын болса (барлық  нәрсеге), оның қызығушылығы жоғалады.

Еркектің ойын қайтара отырып, өз нұсқаңызды ұсыныңыз. Жігіттер кейде қыздардың оларды уақытылы тоқтатпағанына қайран қалады.

Өзіңізді көрсетіңіз

Ер адамдар көзбен жақсы көреді – порно қарайды, стрип-барларға барады – олар толық визуалдар. Көз – олардың басты эрогенді аймағы, оны толықтай қанағаттандыру қажет. Алайда әйелдер көрпенің астына қарай көміліп, тығылуға мың себеп табады: артық салмақ, қырылмаған түк, безеу, целлюлит және көптеген басқа дәйектер.

Шындығына келгенде, ер адамдар өз сүйіктісінің әр кемшілігіне қарай бермейді. Сондықтан өзіңізден кемшілік іздей бермеңіз.

қарым-қатынас
Жыныстық қатынас ережесі: Еріңіз тек сізді қалау үшін не істеу керек: pixabay.com

Өзіңіздің сыртқы келбетіңізге мән беріңіз

Ер адамдар әйелдерді көзбен жақсы көреді деген сөздің астары бар. Сыртқы келбетіне мән беретін әйелдер сымбаты әрі сұлулығымен ер адамдарды естен тандыратыны анық. Ол үшін келесі кеңестерді ұсынамыз:

  • Ерініңіз ер адам құштарлана сүйетіндей үлбіреп тұру керек
  • Күтімі бар, ұзын, қолаң шаш
  • Бет терісінің тазалығы
  • Омырауыңыздың пішіні жақсы болуы керек.

Ер адам сізді ғана қалап тұрсын десеңіз, спорт залға жазылып, үнемі бетіңізді күтіңіз, сондай-ақ аздап макияж жасауды да ұмытпаңыз. Ал макияжыңыз орынды жасалса, ол теріңіздің кемшілігін жасырып, көз, ерніңізді одан ары сымбатты ете түседі.

Үнемі үй шаруасындағы әйел болуды доғарыңыз

Қоғам әйелдерге үнемі адамзаттың айнасы болуды талап етеді. Сондай-ақ қоғам әйелдерге кір жуып, тамақ істеуі керек, үйді таза ұстауы керек деген талап қояды. Осылайша таңертеңнен кешке дейін үй шаруасымен айналысатын әйел адамға, өзіне уақыт тауып, салонға баруға, немесе массаж жасатуға, кейде тіпті демалуға да уақыт табылмай жатады.

Сол себепті үй шаруасындағы әйел образынан шығыңыз. Ол үшін гардеробтағы киімдеріңізді әрдайым жаңартып, ескі киімдерден арылыңыз. Сондықтан үйде жүрсеңіз де, өзіңізге жарасатын, ыңғайлы киім алыңыз, мысалы трикотаждан тігілген костюм. Есіңізде болсын, тіпті үстіңіздегі фартуктың өзі ер адамды есінен тандыратындай, сексуалды болуы қажет.

Сүйіктіңізге массаж жасаңыз

Ерлерді есінен тандырып, оларды өзіңізге қаратудың бірден бір жолы – ол массаж жасау. Бұл туралы белгілі маман Бенжамин Д. Сакс айтқан. Ол сондай-ақ осы массаж арқылы еркектердің эрекциясын келтіруге болады дейді. Мұндай жағдайда еркектер әйелдердің қолы тиген уақытта күнімен басынан өткен күйзелісті ұмытып, жаны рахаттанып, ляззат алады. Ол үшін ер адамның тек арқасына ғана массаж жасаубен шектелмеу керек. Мысалы төмендегі дене мүшелеріне де массаж жасасаңыз болады:

  • омырауы мен саны
  • қолдары
  • іші және т.б.
қарым-қатынас
Жыныстық қатынас ережесі: Еріңіз тек сізді қалау үшін не істеу керек: pixabay.com

Орынды өзгертіп отырыңыз

Күнделікті тұрмыс романтикалық қарым-қатынас пен серіктестердің сексуалдық өмірін құрдымға кетіреді. Күнделікті күйбең тірлішік екі тарапты да шаршатаны анық. Мұндайда екі серіктес үнемі бір қалыпта болатын жыныстық қатынас ережелерінен де шаршайды.

Егер еріңізді есінен тандыратындай етіп таң қалдырамын десеңіз, онда үйден бөлек оны басқа жаққа алып барыңыз. Онымен көлікте жыныстық қатынасқа түсуді немесе ол үшін арнайы қонақүйге бару туралы ұсыныс айтып көріңіз. Ер адам мұндай ұсыныстан бас тарта алмайтыны анық.

Ересектерге арналған фильмдерді бірге көріңіз

Сүйіктіңіздің сексуалдық қырын жақсарту үшін, ересектерге арналған фильмді бірге көрсеңіздер болады. Ол үшін бөлмедегі жарықты сөндіріп, хош иісті майшамдарды айналаңызға жағып қойыңыз. Жеке тәлімгер Ярослав Самойловтың айтуынша, хош иістің ер адамдарды естен тандыратындай қасиеті бар екен. Мұндай хош иістен ер адам өз сезіміне ерік беріп, сізді төсек ляззатына бөлеуге тырысатын болады.

Сексуалды ойындар ойнаңыз

Ер адамдар – ересек бала деген ұғым тегін емес. Сол үшін, олармен анда-санда төсек ойындарын да ойнап тұруға болады. Әйел адам мұндай ойындардан ұялмағы дұрыс. Себебі осындай ойындар арқылы ара-қатынастарыңыз біршама жақындауы мүмкін.

Ол үшін арнайы секс ойыншықтарды сатып алсаңыз болады. Сонда сүйіктіңіз сізбен жыныстық қатынасқа түсуге бұрынғыдан да құштар болуы мүмкін.

Психолог Ярослав Самойлов ерлерді төсек қатынасындағы ойын да еліте түсетінін айтқан. Оның сөзінше, жыныстық қатынас кезінде махаббат ойындарын да ойнаған абзал.

Эротикалық би билеңіз

«9 с половиной недель» фильміндегі Микки Рурк үшін билеген Ким Бейсингердің биі көптеген ерлердің есінде қалғаны анық. Олардың әрқайсысы өзін осы рольде болғысы келетіні де жасырын емес. Ер адамның осы арманының орындалуына себепкер болыңыз. Ол үшін бар болғаны өздеріңізге ұнайтын сүйікті әуенді қосып, қалауыңызша билесеңіз болғаны.

Психолог Павел Раковтың айтуынша, мұндайда әуен таңдаудың маңызы зор.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1119315-zhynystyq-qatynas-erezhesi-er-adamdy-oz/