Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Перзентханаға түскен аналарға керек кеңестер

Опубликовано:

Перзентханаға түскен жүкті әйелдерге берілетін кеңестерді massaget.kz сайты тізбектеді.

Ана атану − кез-келген қыз баланың міндетімен қоса, арманы. Аяғы ауыр келіншек осы арманның шын бақыт екенін түсінетін де болар.

Олар үшін ең маңыздысы − бала денсаулығы мен күтімі. Ай-күні жақындағанда уайымдап, қобалжу жүкті әйелдерде көп кездеседі. Ал перзентханаға дайындықты алдын-ала жүргізген дұрыс.

Сонымен, жүкті әйелдерге перзентханаға алып баруға қажетті заттардың тізіміне көз жүгіртіңіз.

Құжаттар:

1. Айырбастау картасы;

2. Жеке куәлік + көшірмесі;

3. Жұбайының жеке куәлігінің көшірмесі (туу туралы куәлікті жазып беру үшін);

4. Неке туралы куәліктің көшірмесі (туу туралы куәлікті жазып беру үшін);

Анаға:

1. Ұялы телефон, телефонның зарядтау құрылғысы;

2. Халат;

3. Ішкөйлек - екі дана (емізуге ыңғайлы);

4. Тәпішке;

5. Резеңке тәпішке (душқа түсетін);

6. Емізуге арналған төстартқыш - екі дана;

7. Шұлық;

8. Сүлгі;

9. Бір реттік жаялықтар төсекке;

10. Дәретхана қағазы;

11. Иіс сабын;

12. Тіс пастасы, щеткасы;

13. Тарақ;

14. Газдалмаған минералды су;

15. Компрессиялық шөлке;

Балаға:

1. Жөргек - он дана (бес жұқа, бес қалың);

2. Көйлек - төрт дана (екі жұқа, екі қалың);

3. Жұқа және қалың бас киім;

4. Шұлық;

5. Қолғап;

6. Нәрестелерге арналған жаялық - екі қорап;

7. Нәрестелерге арналған дымқыл майлық сүлгі;

8. Балаларға арналған сұйық сабын;

9. Жаялықтың астынан жағатын крем/тальк;

10. Сүлгі.

Тағы да оқыңыздар:

Сүйіктіңіз үшін қалай стриптиз билеген дұрыс?

Жыныстық қатынас кезіндегі тазалық

Арықтауға арналған сусындар

Жыныстық қатынас туралы қызықты жайттар

Алғашқы секс немесе қыздықпен қоштасу (+18)

Сүйісу туралы қызықты деректер

Күйеуіңізді қайта қызықтыру үшін не істеу керек? (+18)

Ислами негізде ерлі-зайыптының төсек қатынасы (+18)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1140117-perzentkhanagha-tusken-analargha-kerek/

pixel