Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүйіктіңіз үшін қалай стриптиз билеген дұрыс?

Жарияланған күні:

Эротикалық би - сүйіктіңізге арналған нағыз сыйлықтың бірі. Әсіресе, туған күнінде немесе ғашықтар күніне орай ерекше сый жасағыңыз келсе осы бастан дайындық жүргізе беруіңізге әбден болады деп жазады comode.kz.

Егер дәл осы сыйды тарту етемін деп шешсеңіз, онда бірнеше ережені білгеніңіз абзал. Әйтпесе артық қыламын деп, тыртық қылып алуыңыз да мүмкін.

№1 ереже

Көңіл-күйіңе қарап, музыканы дұрыс таңдай біліңіз. Өзіңізге ұнайтын, билете білетін әнді қосып қойып, еріңіздің алдында өнеріңізді паш етуге болады.

№ 2 ереже

Би кезінде жаныңыздағы серігіңізден көзіңізді алмай байланыс жасау керек. Көзіне тік қарап сезіміңізді білдіруге мүмкіндік бар. Өйткені көз арқылы бәрін ұғуға болады.

№ 3 ереже

Қимылдап жүріп жігітіңізге сүйкеніп, құшақтап алу керек. Ал, ол тек сіздің іс-әрекеттеріңізді бақылап, ләззат алуы тиіс.

№ 4 ереже

Стриптиз билегенде дене бітіміңізді жасырып жүрудің қажеті шамалы. Барынша ашық киініп, сұлу тәніңізді көрсету керек. Егер денеңіз толық болып, көрсетуге ұялсаңыз, осы бастан диетаға отырғаныңыз дұрыс болар. Тек өзіңізге сенімділік пен аз ғана тәжірибе жинақтасаңыз болғаны. Ешқашан ұмытпаңыз, сүйіктіңіз үшін сіз ең әдемі болып табыласыз.

№ 5 ереже

Жарыңызға өнеріңізді көрсетпес бұрын, әуелі стриптиз биіне арналған киім таңдауыңыз керек. Дайындық барысында айнаға қарап, сол ашық киімді киіп көріп, қайта-қайта билеп көріңіз.

№ 6 ереже

Алдын ала кең, таза бөлме дайындап алғаныңыз дұрыс. Себебі, би кезінде бір орында тұрып қалмай, әр түрлі қимылдар жасауыңыз керек. Арасында шашыңызбен де ойнап, назарын өзіңізге аударыңыз.

№ 7 ереже

Кәсібі бишілердің орындап жүрген трюктарын қолдана біліңіз. Егер солай жасай білсеңіз, сексуальды бикешке айналасыз.

Тағы да оқыңыздар:

Жыныстық қатынас кезіндегі тазалық

Арықтауға арналған сусындар

Жыныстық қатынас туралы қызықты жайттар

Алғашқы секс немесе қыздықпен қоштасу (+18)

Сүйісу туралы қызықты деректер

Күйеуіңізді қайта қызықтыру үшін не істеу керек? (+18)

Ислами негізде ерлі-зайыптының төсек қатынасы (+18)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1140049-suyiktinhiz-ushin-qalay-striptiz-bileg/