Төсектегі әйелдің ойы неде?
Жарияланған күні:
Назды қылығымен баурайтын нәзік жандылардың жатын бөлмедегі жайылған жар төсегінде не ойлайтындығын көпшілігіміздің біле бермейтіндігіміз ақиқат деп жазады neke.kz.
Мұны білуге әр еркек құштар екені де жасырын емес. Тіпті нәзік жандылардың өзі кейде не ойлап жатқандарына есеп бермейді екен. Сонымен, төсек қатынасы кезінде әйел көбінесе нені ойлайды екен?
Бұл сауалдың ер-азаматтарды әбден қызықтыратындығы сөзсіз.
Психологтардың жүргізген әлеуметтік сауалнамаларына сүйеніп мынадай тұжырымға келуге болады. Әйелдердің көпшілігі жан алысып, жан берісіп жатқан махаббат ойындарына өздерінің сыртқы пішіндерінің бұзылмауын көп ойлайтын көрінеді: мәселен, "жыныстық қатынас кезінде шашым ұйпалып қалмай ма?", "бетімді әрлеген бояуларым ағып кетіп, макияжым бүлінбей ме?". Осындай ойға беріліп жатқанын сезіп қалсаңыз, "жаным, сен сондай әдемісің" деп қойыңыз.
Ерімен бірнеше жыл некеде тұрып отасып келе жатқан әйелдердің ойы мұндай ләззатты шақтарда да күйкі тірліктің шырмауынан шыға алмайтынға ұқсайды. Олардың ойлайтыны: күйеуімнің киімін үтіктеп үлгере аламын ба? Балалардың мектепке апаратын тамағын әзірледім бе? Тағы басқа да осы тұрғыдағы ойлар.
Ал енді жас қыздарды мұндай ұсақ-түйектер тіпті де мазаламайды. Олар тек төсектес серігіне қалай жағуды ғана ойлайды. Олардың көкейлерінде бір ғана сауал: "мен осы қандаймын, мына жігітке ұнауым мүмкін бе?" дегенге ғана саяды.
Бірақ сайып келгенде осындай ойлардың тән қызығы кезінде түкке де қажеті жоқ дейді маман психологтар. Төсек тояты кезінде еркек пен әйел бар дүниені ұмытып, бір-біріне ынтызар сезіммен құлай берілуі тиіс. Олардың арасында жасырын сыр болмауы керек. Мұндай кездері төсек қатынасында түрлі тәсілдерді қолданғанның да артықтығы жоқ. Ер адам бұл жағынан тәжірибелі болса, әйелді өзімен бірге еліктіріп әкете алса, сезім шыңын бағындыру да оңай.
Алайда қаперге алатын жай мұндайда еркектің бұл қимылын дөрекілік не әбестікке санап, ықылассыз сұлық қалатын әйелдер де бар. Сондықтан, шабыт қимылына енер шақта әйелді аялап, аймалап жатып, не қалайтынын сұрап білген артық емес.
Тағы да оқыңыздар:
Арықтататын Магги диетасының мәзірі: Екінші апта
Арықтататын Магги диетасының мәзірі
Сүмесүт тағамын қалай дайындайды?
Жігіттерге арналған эротикалық массаждың қыр-сырлары
Секс туралы жігіттер сенетін алты өтірік (+18)
Етеккір кезінде қалай сақтануға болады?
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1143089-tosektegi-ayeldinh-oyy-nede/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.