Алматылық келіншек жерлестерге төсекте еркектің "көңілін аулауды үйретпек"
Жарияланған күні:
Елена Ким есімді Алматы тұрғыны төсекте еркектің "көңілін аулауды үйрететін" мектеп ашпақ. Бұл туралы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.
Елена тамыз айында жыныстық қатынас шеберлігін үйрететін мектеп ашуды жоспарлап отыр. Ол үшін, тіпті көптеген фаллоимитаторлар сатып алған көрінеді. Келіншек бұл "салада" өз шеберлігін шыңдау үшін мәскеулік "жыныстық қатынас шеберлерінен" тәжірибе жинақтаған.
Ол бұл мектеп талай отбасын ажырасудан сақтап, елге көп септігін тигізетініне сенімді. Кезінде күйеуі көзіне шөп салған Елена екі баласымен жалғыз қалған кезін есіне алды. Үш жыл бойы күйзеліске түскен ару Мәскеуде іссапармен жүргенде "жыныстық шеберлік курсына" қатысып көрген екен.
"Курсқа жиналғандар "азғын әйелдер" емес, күйеуі бар тәрбиелі, өзін күтетін келіншектер болып шықты. Секс-коуч Алла Деларье мені өзінің шеберлігімен тәнті етті. Ол еркектерге төсекте және өмірде шын мәнісінде не қажет екенін түсіндіріп, көзімді ашты... Мен Ресейге шеберлік сағатын алу үшін үш рет ұшып бардым. Секс-сабақтарына скайп арқылы қатысып, керемет нәтижелерге қол жеткіздім", - деп мақтанды келіншек.
Енді бұл шеберлігін қазақстандықтармен бөлісуге ниетті Елена мектебі жезөкшелер үшін емес, күйеуін қуантқысы келетін келіндер мен әлі жыныстық қатынаста еш тәжірибесі жоқ қыздарға арналатынын сөз етті.
"Мен өзімнің бұрынғы күйеуімді қызық үшін қайтадан кешкі асқа шақырдым. Одан кейін бар жинаған шеберлігімді қолдана бастағанымда, ол менен кеткісі келмей қалды. Мен оны 50 секундтың ішінде тояттайтындай жағдайға жеткіздім. Ол менен тізерлеп тұрып кешірім сұраса да, содан кейін үш айда оны қуып жібердім. Жақында өзімнің махаббатымды жолықтырдым. Өткен айда біз некемізді қидық", - дейді Елена.
Келіншек жаңа күйеуі оның мұндай мектеп ашуына еш қарсылығы жоқ екенін айтуда.
"Менің сабақтарым күйеуімнің қарындастарына отбасын сақтап қалуға көмектесті. Ақымақ мораль оқушылардың сөзіне еріп, өмірімді шектегім келмейді. Өз мектебіме Мәскеуден мамандарды жиі шақыртып отыратын боламын", - дейді ол.
Бойжеткен "Құпиялар" деп аталатын мектебінің Астана, Шымкент және Петропавл қалаларында филиалдарын ашуды да жоспарлап қойған екен.
Марина Климованың материалынан аударылды.
Тағы оқыңыз:
Әр қазақ түсіне бермейтін сегіз сөз
Жер комиссиясының отырысында Ғани Қалиев бәріне ұғынықты болу үшін орыс тілінде сөйлеуді ұсынды
Маңғыстауда үлкендігі тауық жұмыртқасындай ірі бұршақ жауды (фото, видео)
Иманғали Тасмағанбетов қайда жүр?
Алматының оқушылары ҰБТ-ның бірінші күні-ақ рекорд орнатты
Қарағандыда кенеттен көз жұмған оқушының қазасы қытайдың кеспесінен болуы мүмкін
Жан-Клод Ван Дамм Төреғали Төреәлінің әніне барын салып биледі
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1149172-almatylyq-kelinshek-tosekte-erkektinh/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.