Оразада әйелін сүюге, жақындасуға бола ма?

Опубликовано:

Рамазан – адамның ішіп-жеуден, өзінің қалаулары мен нәпсіден тыйылатын кезі деп жазады asylsoz.kz.

Алайда кейбір ерлі-зайыптылар оразада әйелімді (күйеуімді) құшақтап, сүюіме, жақындасуыма бола ма деп сұрап жатады.

Ораза кезінде күйеуіне де, әйеліне де бір-бірін сүюге, құшақтасуға тыйым салынбаған, тек сезімге берілместен өзін өзі тоқтата алатындай болуы керек.

Бұл тұрғыда Айша (р.а) анамыз: «Ораза кезінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз әйелдерін құшақтап, сүйетін еді, алайда ол сендердің кез-келгендеріңнен өзін өзі мықты ұстай алатын» деген (Бұхари 1927, Муслим 1/65).

Сондай-ақ Айша (р.а.) анамыздың жиені Масруқ одан: «Ораза уақытында күйеуі мен әйеліне не рұқсат етіледі?» деп сұрағанда ол «Жыныстық қатынастан басқасының барлығы» деп жауап береді (‘Абдур-Раззақ 4/190).

Ал ер адам мен әйелдің оразада жақындасуына келсек, ауыз ашқаннан ауыз бекіткенге дейінгі уақытта жыныстық қатынасқа түсуге рұқсат етіледі.

Қасиетті Құранда «Сендерге оразаның кешінде әйелдеріңе жақындасу халал етілді. (Өйткені бір-біріңді қорғауда) олар сендерге киім, сендер де оларға киім іспеттісіңдер» делінген («Бақара» сүресі, 187-аят).

Ал күндіз, ауыз берік уақытта жақындасуға болмайды.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда супермаркеттердің бірінде тұрғындар паранджа киген әйелге тап берді

Әблязовтің заңгерінің мәскеулік пәтерінде үш өртелген мәйіт табылды

Баян Есентаеваны осы аптада емханадан шығаруы мүмкін

Түркияда демалғысы келген қазақстандықтарды терактілерден гөрі баға шошытып отыр

Мұхамедиұлы допинг дауына іліккен қазақстандық спортшыларға қатысты түсінік берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1162465-orazada-ayelin-suyuge-zhaqyndasugha-bol/