Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда супермаркеттердің бірінде тұрғындар паранджа киген әйелге тап берді

Опубликовано:

Алматыда ірі супермаркеттердің бірінде никаб киіп келген мұсылман әйелге аталған сауда орынға келушілер тап берді. Бұл туралы оқиға куәгері NUR.KZ порталына хабарлады.

Жағымсыз жағдайдың куәсі болған Алматы тұрғынының айтуынша, супермаркетке келушілердің бәрі шошып, қастарына жоламаған. Тіпті жасы үлкен адамдар сөйлеп тастаған көрінеді.

"Соншама неге тұмшаланып алғансың?" деген сауалға келіншек ұзақ жылдары Мысырда тұрып, осындай киімге үйреніп қалғанын айтты.

Әйелдің айтуынша, күнделікті өмірде паранджасына қатысты көп қиындық көреді. Көп адам айналшықтап, өзіне жолауға қорқып, шошынғандықтан, далаға шығып, емін-еркін жүруден де қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1162405-almatyda-supermarketterdinh-birinde/

pixel