Жыныстық қатынаспен жиі айналысу қауіпті ме?
Жарияланған күні:
Секс – пайдалы, әрі жағымды «жаттығу». Осыған қарамастан, «Секстің зияны бар ма?» деген сұрақ та туындап жатады. Ол өте орынды. Өйткені мамандар жыныстық қатынасқа тым жиі түсудің әйел адамға зияны барын айтады деп жазады anabol.kz.
Иә, ұзақ уақыт құштарлық құшағына енбеу адамның көңіл-күйінен бастап, денсаулығына дейін көптеген кері әсерлерін тигізеді. Сонымен қатар секспен тым жиі айналысу, әсіресе, әйел адамдарға «ауыр» тиеді екен. Әрине, оның баршаға бірдей шектеулі нормасы жоқ. Оны әркімнің ағзасындағы жеке «ерекшеліктермен» түсіндіруге болады.
Ендеше, қаупі қандай? Әйелдердің жыныстық органдары нәзік болады. Сондықтан түрлі жарақатқа бейім келеді. Оларға: бұлшық еттерінің созылуы, шырышты қабыққа тиген зақымдар жатады. Сонымен қатар жыныс мүшесінің сырт жағы жарылып, тілімденеді.
Кейде қынаптың алдыңғы қабырғасы жыртылып кететін жағдайлар да кездеседі. Бұл, әрине, сезімге беріліп, шалт қимыл жасаудан болады. Ондайда қан кетіп, төменгі жақ қатты ауырады. Жедел дәрігердің көмегіне жүгіну керек.
Әр әйелдің өз «дозасы» болады. Сондықтан жыныстық қатынасқа жиі түскеннен ағзаның қуаты кеміп, шаршау басып, тіпті жүрек айнуы да мазалауы мүмкін. Сондай-ақ секспен тым жиі айналысқаннан одан алатын ләззаттың да «дәмі» кеміп, «тәбетті қашырады».
Кейбіреулер секстің жиілігі жүрек жұмысына да зиянын тигізетінін айтады. Алайда бұл тек жүрек-қан тамырлары жүйесінде қандай да бір ақау бар адамдардың жүрегі үшін қауіпті. Мұндайда дәрігердің кеңесіне жүгінген жөн. Ал дені сау адамдар үшін секс – жүрекке арналған жаттығумен тең.
Секс жиі не сирек, сондай-ақ ұзақ және қысқа болуы мүмкін. Бастысы, одан өзіңіз және жұбыңыз рахат алып, ләззатқа бөленсеңіздер болғаны. Ал қажетті нормасын уақыт өте өздеріңіз «жасап» аласыздар.
Тағы да оқыңыздар:
ШҚО-да күйеуі мен қайын атасынан қорлық көрген әйел 3 баласын дарға асып өлтірді
Данара Құлжанова: АҚШ-тағы гей-парадта өз елімнің туын абыроймен көтеріп шықтым
Жазғы каникулға шыққан депутаттар шетел асып, теңіз жағасында қыздырынбақ
Бас прокурор 6 адамды қағып, бір жігіттің өліміне себепкер болған Мақсат Үсеновті ақтап шықты
Америкалық жігіт өзінің iPhone-нына үйленіп, шіркеуде некесін қиды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1177529-zhynystyq-qatynaspen-zhii-aynalysu-qau/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.