Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отбасылы адамға ғашық болып қалған бойжеткен жұрттан ақыл сұрады

Опубликовано:

Отбасылы адамға ғашық болып қалған бойжеткен басындағы болған жайтты баяндап, жұрттан ақыл-кеңес сұрады деп жазады ikerim.kz порталы.

"Сәлеметсіз бе? Сіздерден ақыл-кеңес сұрағым келіп отыр. Қажытып жіберді, әрбір қыз баласы шаңырақ көтеріп әйел бақытын сезінгісі келеді. Мені мазалап жүрген сұрақ мынадай біршама уақыт бұрын бір жігітпен таныстым, бірақ ол адам бұрын үйленген екен. Кеше өмірге баласы келді."Ерекше бір сезімдемін…"-дейді өзі, менде қуандым. Бірақ өзімнің артық адам екенімді түсінгендеймін, құрбыларымда таста дейді. Бірақ қалай қолымнан келмейді. Ол адам «адасып жүргендеймін, әлі өз орнымды тапқан жоқпын…» деген әңгімелер айтады. Әйеліммен ажырастым деген, бірақ қалай?! Қыркүйекте үйінен кетіп қалған әйел, кеше ана атанды. Ажырасу деген кем дегенде 3 ай мерзімді алмай ма? Соңғы кезде күйзелісте жүрмін. Ол адамға қолдау көрсетіп жанынан табылғым келеді…Айта кететін жайт, екеуі отбасы құрғандарына жыл толған жоқ. Қандай шешім қабылдағаным дұрыс көмек күтем сіздерден!", - деген аруға белгілі блогер Құралай ханым өз жауабын берді.

"Құдайдың бергенін қолынан, бермегенінін жолынан тартып алу, арпалысып бұйырмаған баққа қол сұғу, арманыңа қиналып, қыстырылып жету деген бақыт əкелмейді. Мүмкін əкелер, бірақ алдамшы өмір, арзан дүние…

Бұйырған кетпес, жүгірген жетпес деп қазақ атам айтпақшы, жүгіріп, ентігіп жеткен бағың, сол бағыңның жанында аяғыңның ұшымен, оған жетем деп тартылып тұрған қалпың, саған гармония əкелмейді! Орыстар айтпақшы: «На цыпочках долго не устоишь!»

Мен əрқашан тазалықты дəріптеймін. Тəн тазалығы жан тазалығымен ұштасып жатса бір ғанибет емес пе?! Күйеуге де солай шыққан абзалырақ… Таза адамға, өткен өмірі тазарақ адамды тапқан жөн сияқты.

Шындығына келсем, бұрын əйелі болған, балалары бар, алимент төлейтін ер азаматқа күйеуге шығу азаптың азабы.

Құдай біреудің орнына барғызбасын ешкімді. Сізді өмір бақи салыстыратын болады. Күйеуіңіз салыстырмаса енеңіз, қайын жұрт, күйеудің достары т.б. Бұрынғысы анандай еді, мынаусы-мынадай деген сияқты түртпектің көкесін көресіз… Бұрынғыдан жақсырақ болсаң игі еді, адам кемшіліксіз болмағандықтан, əр жеріңнен қылтиып шығып тұратын «но»-ларыңды мұндай жағдайда ешкім кешірмейтін болады.

Өзің жас, бұрын тұрмыста болмаған қызға ұқсайсың… Алдамшы өмірге алданбай, біреудің қызығына қызықпа, артынан шыжығын шайнап зар жылап қалуың əбден мүмкін…

Күш жина, жақсы болу үшін де, жақсы азаматты кездестіру үшін де — рухани күш керек! Қазіргі қалпыңды — жақсы жаққа өзгертуің қажет. Ізден! Өзгер! Өс! Тазалан! Жақсар! Өзіңнің «лучший» вариантыңды жасап шығар! Сол уақытта құдай бермесе маған кел!", - дейді Құралай ханым.

Тағы оқыңыздар:

Астанада уақытша тіркеуге тұрғандар мемлекет бюджетін жарты миллионмен толтырды

Павлодарда 69 жастағы әже жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото)

Геннадий Головкин жаңа салмақ дәрежесіне өтетін болды

Жанқош Тұраров: Головкин Джейкобсты нокаутпен жеңеді

Ақтауда 32 жасар ер адам өз пәтерінде асылған күйі табылды

Ақмола облысында ауқатты отбасынан шыққан мектеп оқушысының мәйіті табылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1370351-otbasyly-adamgha-ghashyq-bolyp-qalghan-bo/

pixel