jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Павлодарда 69 жастағы әже жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

    : UGC

    Павлодарда 69 жастағы Анна Гусева жұмбақ күйде жоғалып кетті деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

    Бұл туралы Анна Гусеваның туысы Розалия Демченко мәлім етті.

    "Әлеуметтік желілер мен қаладағы жарнамаларда апамыздың жоғалған уақыты желтоқсанның 27-і деп көрсетілген, негізі желтоқсан айының 25-інен бастап апамыз үйдің есігін ашпады. Есіктің құлпын бұзып пәтерге кірдік, үйде ешкім жоқ, барлық заттары орнында тұр. Ол кісі жалғыз өзі тұратын. Қаңтардың 7-і күні таңертеңгі сағат 10:00 шамасында қала тұрғындарының бірі Анна апамызды Айманов көшесі 42-і үйдегі «На горке» дүкенінде байқап, камераға түсіріп алған. Біз келгенше ол кісі дүкеннен шығып кетті, ізіне ілесе алмадық. Қасында тағы бір әже болыпты", - дейді Розалия Динченко.

    Туыстарының жорамалдауынша, Анна Гусева есінен айырылып қалуы мүмкін, бірақ мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған немесе пәтер кілтін жоғалтып алып, үйіне кіре алмай жүр.

    Динченконың айтуынша, 69 жастағы зейнеткердің Хим қалашығында бірде-бір туысы тұрмайды, таныстарының болуы да екіталай. Себебі қарт ана үйден көп шықпайтын және ұзақ уақытқа хабарсыз кетпеген.

    1947 жылы туған Гусева Анна Нурмакановнаның бойы 150-155 см. Толық денелі адам. Үстіне қоңыр түсті тон киген. Көрген, білген адамдар болса 8 702 230 43 31 немесе 102 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз.

    Тағы да оқыңыздар: 

    Қазақстандық келіншектер перзентхана қызметкерлерінің араны ашылғанын айтып дабыл қақты

    Мемлекеттік кіріс комитетінің қызметкері мен ұлы пара алғаны үшін ұсталды

    Балуан "Найман": Маған уақытша тіркелу мәселесімен келетіндерді жер жастандырамын

    Астанада жартылай жалаңаш қыздар іш киіммен сауда орталығын аралады (фото)

    Мектеп оқушысын соққыға жыққан әйелдің видеосы желіде тарап кетті (видео)

    Павлодарда 69 жастағы әже жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.