Баланың ернінен неге сүюге болмайды?
Жарияланған күні:
Дүниеге келгеннен кейін cәби үшін әке-шешесінің денесіне өзін жақын сезінуі өте маңызды. Яғни, нәрестені әке-шешесі құшақтап, сүйген кезде ол өзін сенімді сезінеді. Дегенмен, ата-аналар балаларын жақсы көретін болса және оларға физикалық немесе рухани тұрғыдан зиянын тигізгісі келмесе, олардың еріндерінен сүймегені дұрыс деп жазады Qamshy.kz.
Балалардың ернінен сүюдің мынадай зияндары бар:
• Иммунитеттері әлсіз болғандықтан, біздің аузымыз арқылы микроптар ағзасына тезірек өтеді де жиі сырқаттанады.
• Ұшық, безеу, тіс етінің жаралары секілді инфекциялардың өту қауіпі бар. Әсіресе, нәрестелер мен балалар үшін ұшық өте қауіпті.
• Балаларға жыныстық тәрбие беру барысында денелерінің өздеріне ғана тән бөлігі бар екенін және ол жерлеріне ешкімнің қол тигізуіне рұқсат бермеуі керек екенін айтып жатқанда, егер ата-ана өзі баласының ернінен сүйетін болса, баланың санасында қарама-қайшылықтар туындайды.
• Ата-анасы ернінен сүйетін балалар басқалардың да ернінен сүюіне қарсылық білдірмейді. Өйткені, балалар үшін ата-аналарының барлық ісі дұрыс болып есептеледі және рұқсат етіледі деп ойлайды. Осылайша, олар өздерін жаман ниетті адамдардың іс-әрекетінен қорғай алмайды, тіпті олардың бұл әрекетінің жаман және зиянды екенін түсіне де алмайды.
• Әкесі ұлының, анасы қызының ернінен сүйген кезінде бала жыныс анықтауда қиналу, өскенде басқа жынысты таңдау,яғни өз жынысын иелене алмау секілді қауіптерге жол ашуы мүмкін.
• Әкесі қызының, анасы ұлының ернінен сүюі болашақта әке-шеше мен баланың арасындағы қарым-қатынасқа кері әсерін тигізуі мүмкін. Тіпті, бұл балалар ертең үйленген кезінде отбасылық өмірі мен жыныстық өмірінде де қиындықтарға душар болуы мүмкін.
• Еріннен сүю жыныстық белгілерді де қамтитындықтан, балада жыныстық дабыл ерте қағылып, баланың басы қатады әрі оның дамуына да кері әсерін тигізеді.
• Әке-шешесі тарапынан ернінен сүйілетін бала мектепте досының немесе үйге келген қонақтың ернінен сүюге тырысса, онда оның бұл әрекеті қоғамды өз орнын табуына зиянын тигізеді.
Тағы оқыңыздар:
Өзбек жігітінің жомарттығын қайталаған жігіт көпшілікке үлгі болды (фото)
Қазақстандықтар жаңа жылды тойлауға 920 млрд теңге жұмсаған
Дәрігерлер жүрекке отаны қалай жасайды? (фото +18)
Атамбаев ішімдік ішетін тұрғындармен өзі күресетін болды
"Асыл" тобы кішкентай жанкүйерлеріне қуаныш сыйлады (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1385816-balanynh-erninen-nege-suyuge-bolmaydy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.