Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қандай жігіттерден бойыңызды аулақ ұстаған дұрыс?

Опубликовано:

Егер алғашқы кездесу сәтті өтсе, ол адаммен алдағы өміріңізді елестетіп, қиялға беріліп кететініңіз жасырын емес. Бірақ уақыт өте келе мұның қажетсіз екенін ұғасыз. Тіпті, сол типтегі жігіт жолығып жатса бойыңызды аулақ ұстауға тырысасыз.

Олай болса арулардың көңілінен шықпайтын жігіттерді ikerim.kz порталы назарларыңызға ұсынады.

Альфонс

Оларды тану мүлде қиын емес. Бұл типтегілер үнемі ақша жайлы әңгіме айтады. Ол сізді жеңіл-желпі тамақтанатын орынға шақырып, ақшасын белгілі бір іске жұмсап жатқанын айтуы мүмкін. Мәселен, жеке кәсібіне. Қызға «О! Жеке кәсібі бар екен…» деген ой тастауды қалайды. Альфонстар өте жиі телефонына алаңдап отырады. Өзінше іскер, уақыты тығыз адамдарша түр жасайды. Шын мәнінде оның ақшасы да, кәсібі де, қызметкерлері де жоқ болуы мүмкін. Ондағы бары тек шешен тіл ғана.

Мамасының баласы

Олардың бойындағы қасиеттер туабітті емес, өсе келе анасының қатысуымен пайда болады. Сондықтан оның өміріндегі нөмірі бірінші әйел статусына көтерілу оңайға соқпайды. Өзіне ұнап қана қоймай, анасының да жүрегіне жол таба білуіңіз қажет. Бірақ анасына ұнауыңыз екіталай. Неге тек анасы жайлы сөз қозғап отырмыз? Өйткені оның көңілін жайлағаннан кейін ғана баласына кезек келеді.

Тәуелді

Ішімдікке, құмар ойынға, зиянды әдеттерге тәуелді жігіттер. Олармен қарым-қатынасты бастамаған жөн. Егер сіз оны құтқаруға талпынбасаңыз, ол сіз үшін қымбат адам емес деген сөз. Жөнге саламын деген күнде де сіздің жоғалтарыңыз көп болмақ. Қаншама күш, жүйке, уақыт.

Үйленген

Оның отбасы қалай болады? Әйелін тастап кете ме? Балаларына обал ғой… Бұл сұрақтардың жауабына алаңдамаңыз. Одан да отбасылы азаматтың ұсынысын қабылдамас бұрын мұндай оқиғаның соңы ешқашан сәтті аяқталмайтынын ойлаңыз. Иә, дәм-тұз жараспай ажырасып, кейін сыңарын тауып жатқандар қаншама? Әңгіме олар жайлы емес. Сіз бұл жерде «көңілдес» деген атқа ие болғалы тұрғаныңызды естен шығармаңыз. Және әйеліне жасаған әрекетін уақыт өте келе қайталамасына кім кепіл?

Агрессор

Бұлардың да мінезін бірден аңғаруға болады. Олар тіпті, даяшыға да айғай салады. Оның жанында жүргенде айналадағының бәрі оңбаған, ол ғана д’Артаньян болып көрінуі мүмкін. Өйткені алғашқы кезеңдерде сізге ғана жұмсақтық танытады. Бой үйрете келе сізге де дауыс көтереді.

«Жылауық» бала

Ол сондай бақытсыз, оны ешкім түсінбейді, ешкім көмектеспейді тағысын тағы. Бір сөзбен айтқанда «жылауықтар». Олар өмірдің кез келген сәтін уайым-қайғыға айналдырып алады. Болашақта бірге болып жатсаңыздар, қамқорлықты ол сізге емес, сіз оған жасауыңызға тура келеді. Бұл сізге қажет пе?

Тағы оқыңыздар:

Витастың продюсері Димаш Құдайбергеннің үстінен арызданды

Ұлттық банк төрағасы өзі туралы қауесет таратқандарға бас қатырған жоқ

Құлжа тас жолында жеңіл көлік екіге бөлініп қалды (видео)

Атақты Кока Кола сусынымен қуаттанатын телефон пайда болды (фото)

Өзін Головкинге ұқсататын 17 жастағы әлем чемпионы кім? (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1394455-qanday-zhigitterden-boyynhyzdy-aulaq-u/

pixel