Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер азаматтарды ерекше еліктіретін он әрекет (+18)

Опубликовано:

Дене пішініңді айқындап тұратын жеңіл көйлектер мен бірлесе отырып көрген романтикалық фильмдер сүйіктіңмен жақындастыра түседі. Бірақ ер адам ұнататын иістер мен ерекше заттар болатынын бірі білсе, бірі білмес. Ендеше, vmirechudes.com сайты ұсынған ер атаулысын еліктіретін он әрекетті назарларыңызға ұсынамыз.

1. Кенеттік

Ер азаматтар әйелдердің күтпеген жерден тосын сый жасау қасиеттерін ұнатады. Аталмыш қасиеттер екі жастың арасындағы сезімдерінде жаңашылдық сыйлайды. Ал жастар арасындағы қатынастарға тың серпілістер әрдайым қажет!

2. Қорғансыздық пен нәзіктік

Қызметінде жоғары мансапқа ие әйелдердің жеке өмірінде әдетте "қараңғылық" басым болатындығы ешкімге жасырын емес. Бар уақытын жұмысына бөлген арулардың мінез-құлқы да өзгере бастайды. Олар не болса да мықты болуға тырысумен болады. Ал жігіттер қыз-келіншертердің бойындағы қорғансыздық пен нәзіктік қасиеттерді бағалайды.

3. Адамзатқа қамқорлық таныту

Британ психологиялық журналының тамыз айында жарияланған нөміріндегі зерттеуге сәйкес, өзге біреулерге қамқор болып жүретін әйелдер ерекше көз тартады екен.

4. Сексyалды қатынасты кейінге шегеру

Бірігіп фильм көру, төсекте жатып кітап оқу сынды жыныстық қатынассыз өткен кездесу кештері эммоционалды қатынастарды одан әрі нығайта түспесе, кем қылмайтыны анық.

 5. Қылықты болу

Жігіттер көзімен жақсы көреді деп жатады. Ендеше неге олардың тәртібіне бағынып көрмеске?! Уақыт өте келе ара-арасында жігітіңізге еліктірер көзбен қарап, әдемі іш киіміңізбен қызығушылығын оятып қоюыңызға болады.

6. Асқабақ бәлішінің иісін айтсаңызшы...

Қымбат иіссуларды ұмытыңыз! Ғалымдар анықтағандай, 23 жұпар иістің ішіндегі асқабақ бәлішінің лавандамен қосылғандағы хош иісі ер азаматтардың жігіттік қасиеттерін арттырады екен. Неге? Себебі, бұндай хош иіс табиғат аясындағы серуенді елестетіп, жанға жайлылық сыйлады.

7. Келесі кездесу кешіңізге қызыл көйлек киіп барыңыз!

Ғалымдардың айтуынша, әйел заты қызыл көйлек киген сәтте ерекше көз тартады. Табиғат та осы заңға бағынады! Жыныстық қатынаста ләззат алу сәті жақындаған кезде бабуин ұрғашылары мен шимпанзелер денесінің қызыл бөлігін көрсетеді екен. Бұндай көрініс өз кезегінде сексуалды сигнал берудің бір тәсілі деседі.

8. Әдемі үйлесетін іш киім

Әйел адам төс тартқыш пен іш киіміне аса мән бермесе, жігіттерге бұл ұнай қоймайды. Жігітіңізге ерекше тосын сый жасар алдында есіңізде болсын! Тартымды болғыңыз келе ме? Қызыл түсті іш киім таңдаңыз!

9. Кең бөкселі арулар

Көптеген ер азаматтарға үлкен бөкселі арулар ұнайды екен. Калифорния университетінің ғалымдары бұны былай деп түсіндірді: әйел бөксесі неғұрлым кең болған сайын онда жүктілік кезінде болашақ анаға қажетті Омега-3 қышқылы көп болады.

10. Еліктірер күлкі

Медицина ғылымдарының докторы Мария Софоклестің айтуынша, әйел күлкісі ер адамды ерекше еліктіреді. Себебі, олар әйел күлкісінің даусын жыныстық қатынасқа түскенде шығатын ләззатты дауысқа теңейді екен.

 

Тағы оқыңыздар:

Ақжарқын Тұрлыбай 23 жасын Қытай түрмесінде қарсы алды (фото)

Семейлік жезөкше бір түнде оннан аса еркекті қабылдайтынын айтып мақтанды

Бағым Мұхитденова: Бақытбек Баянды кез-келген еркектен қызғанатын

Қуат Найман: Пайдасыз депутаттардың кімге және не үшін қажеті бар?

Шавкат Мирзияев Наурыз мерекесін Назарбаевпен бірге қарсы алатын болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1437415-er-azamattardy-erekshe-eliktiretin/

pixel