Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақжарқын Тұрлыбай 23 жасын Қытай түрмесінде қарсы алды (фото)

Жарияланған күні:

Қытайда сотталған Қазақстанның үш азаматы елге қайтарылады. Олардың арасында есірткі тасыды деген айыппен өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбай жоқ.

Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы Зухра Сейтімованың айтуынша, қызының адвокаттары әлі қандай да бір хабар бермепті.

"Қызым ақталып шығады деген үмітім әлі сөнген жоқ. Ақталып шығатын шығар... Елеңдеп отырмыз. Адвокатымен хабарласқанымда, еш жаңалық айтқан жоқ. Тек туған күнінде кездесіп, оның карточкасына ақша аударыпты. Жағдайы жақсы деп отыр", - дейді Ақжарқынның анасы Зухра.

Ақжарқын Тұрлыбай  2014 жылдың  9  наурызында есірткі тасымалдады деген айыппен Қытай түрмесіне тоғытылды. Кейін қазақстандық бойжеткенді өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты.

Қыздың ата-анасы мен қорғаушыларының айтуынша, Ақжарқын Тұрлыбай нигериялық есірткі контрабандасымен айналысқан топтың құрбаны болған. Ол түнгі клубта жұмыс істеп жүрген таныстарының нұсқауымен Қытайдың Гуанчжоу қаласынан зат тасуға барып, есірткімен ұсталды.

Ақжарқынның анасы Зухра Сейтімова ай сайын қызының тамағына ақша аударып тұрады. Өйткені, Қытай түрмесінде жазасын өтеушілерге тұрмыстық қалдықтар өңделіп, тамақ ретінде беріледі екен.

Тұңғыш қызын құтқарамын деп жанұшырған ата-анасы бірнеше несие алып, үйлерін де сатып жіберген. Олар Қазақстан мен Қытай дипломаттары келісіп, Ақжарқынды елге қайтарады деген үмітпен отыр.

Ал Ақжарқын Тұрлыбай кезекті туған күнін түрмеде қарсы алды. 21 ақпан күні 23 жасқа толған бойжеткен қытай тілін меңгеріп алған. Сондай-ақ, ол түрмеде қосымша жұмыс істеп, табыс тауып жүр.

Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытай түрмесіндегі өмірі туралы толық сұхбатты мына сілтемеден оқыңыздар.

Тағы оқыңыздар:

Елімізде 220 млн теңгелік мешіт сатылымға шығарылды (фото)

Бағым Мұхитденова: Бақытбек Баянды кез-келген еркектен қызғанатын

Қуат Найман: Пайдасыз депутаттардың кімге және не үшін қажеті бар?

Шавкат Мирзияев Наурыз мерекесін Назарбаевпен бірге қарсы алатын болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1437714-aqzharqyn-turlybay-23-zhasyn-qytay-turmes/