Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шұжық қосылған классикалық оливье салатының рецепті

Опубликовано:

рецепт
Оливье салаты. Көрнекі сурет: shutterstock.com: UGC

Оливье салатының құрамы калориясы жоғары өнімдерден тұрады. Бұл тағамның дәмін татпаған адам кем де кем әрі қазіргі күні де көпшілік сүйсініп жейтін астың бірі. Тойымды салат мерекелерде дастарқанның сәнін кіргізіп келеді.

Оливье салаты: классикалық рецепт

Оливье салаты сиырдың тілінен, шіл етінен және шаяннан таңдаулы ас дайындаған Люсьен Оливьенің есімімен аталады.

Француз азаматы ұсынған оливье салатының құпиясын орыс аспаздары біле алған жоқ әрі құрамына қажетті өнімдерді табу да қиынға соқты. Сондықтан да олар өз нұсқасындағы оливье салатын жасап шығарды.

Құрамы қолжетімді әрі дәмді қоспалардан тұратын оливье салаты ханымдарға ерекше ұнады және отырыстардағы дәстүрлі тағамға айналды.

Оливье салаты мынадай өнімдерден дайындалады:

  • пісірілген шұжық - 400 г;
  • консервіленген үрмебұршақ - 300 г;
  • картоп - 4 дана;
  • сәбіз - 2 дана;
  • пияз - 1 дана;
  • жұмыртқа - 6 дана;
  • тұздалған қияр - 4 дана;
  • майонез - 100 мл;
  • татымына қарай тұз;
  • аскөк - 4 сабақ.
рецепт
Оливье салатының құрамы. Көрнекі сурет: cookrook.ru: UGC

Салатқа шұжықтың орнына қайнатылған ет пен тұздалмаған қияр қоссаңыз, дәмі одан сайын татымды бола түседі.

Біз ұсынған оливье рецепті 8 адамның тамақтануына жетеді.

Оливьені шұжықпен қалай дұрыс дайындау керек?

Классикалық салатты осы рецепт бойынша дайындаңыз:

  1. Сәбіз бен картопты қабығын аршымай қайнатып алыңыз. Содан соң тазалап, текше пішін тәрізді етіп тураңыз.
  2. Жұмыртқаның сыртын жуып алып, 10 минут қайнаған суда ұстаңыз. Қабығын аршығаннан кейін басқа көкөністерді қалай турасаңыз, жұмыртқаны да дәл сондай пішінде тураңыз.
  3. Пиязды тазалаған соң өткір пышақпен майдалап турау керек. Оны салатқа сол күйінде немесе ащылығын кетіру үшін қайнаған суға жидіту арқылы қосуға болады. Көктемде және жазда пияздың орына көк жуа қолданыңыз.
  4. Тұздалған қиярды текше пішінді етіп турап, артынша бойындағы суын сығып тастаңыз.
  5. Үрмебұршақтың суын төгіп тастап, салатқа қосыңыз.
рецепт
Оливье салатының жасалуы. Көрнекі сурет: cookrook.ru: UGC

Салатқа туралған аскөкті салыңыз да, дәміне қарай тұз қосып, бәрін бірге араластырыңыз. Тағамның дастарқанға қойылатын бөлігіне ғана майонез қосқан дұрыс. Ал тоңазытқышқа тұздықсыз сақтаған ыңғайлы.

Оливье салаты мейрамханаларда да, үйде де дайындалады. Мұндай салат тойымды әрі дәмді, оған қоса қымбатқа түспейтін құрамымен ұтымды тағам болып қала бермек.

Бұл танымал салатты әлі де дайындап көрмеген жандар болса, жасап көріңіз, өкінбейсіз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2000234-suzyq-qosylgan-klassikalyq-olive-salatynyn-recepti/

pixel