Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер адаммен танысқан сәтте байқалатын 10 жақсы әдет: болашағыңызды қалай байланыстырасыз

Опубликовано:

Ер адаммен кездескенде байқалатын 10 жақсы әдет
Қыз бен жігіттің кездескен сәті. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тағдыр бізге өмірлік серігімізді жолықтыруға мүмкіндік береді, бірақ кейде ондай сәттерді жіберіп алып жатамыз. Ер адамның сізді бақытты ете алатынын және маңызды қарым-қатынасқа дайын екенін қалай түсінуге болады? Психолог Дариуш Долински бірінші кездесуде ескеретін 10 оң белгі туралы айтты.

Кездесуге кешікпей келеді

Ер адам кездесуге кешігіп қалса, форс-мажорлық жағдайға тап болуы мүмкін. Ол лифтіде тұрып қалуы, апатқа ұшырауы мүмкін немесе смартфонының қуаты таусылып, кездесу орнын табу үшін біршама уақыт қажет болған шығар. Жігіттің түсіндірмелерін мұқият тыңдап, ойыңызға түртіп алыңыз. Әлбетте бұл оның нөмірін бірден бұғаттап тастауға себеп емес. Бірақ ер адам кездесулерге үнемі кешігіп келсе, ол қызды және оның уақытын құрметтемейтінін білдіреді. Сізге мұндай кадр қажет пе?

Әдемі көзбен қарап, жылы жүзбен күлімдейді

Көз - жанның айнасы деп бекер айтпайды. Ер адамның күлімдегенін де солай айтуға болады. Егер қарама-қарсы отырған жан сіздің көзіңізге тура қарап күлімдесе, бұл ашық, жайдары адамның табиғатын көрсетеді әрі ер адамның сізге шынайы қызығушылық танытқанын білдіреді. Егер ол арагідік қасын көтеріп қойса, онда ойнап-күліп, кездесу уақытын созуды қалайтынының белгісі.

Қызды қайталайды, атымен атайды

Егер ер адам қыздың ым-ишарасын, денесінің күйін, қимылын, эмоциясын және тыныс алу ырғағын еріксіз қайталаса, оны бірден қызқұмар деп ойлауға болмайды. Сірә, ол жай ғана әңгімелесушіге шын жүректен қызыққан болар. Оның ұнатып қалғаны сонша, тіпті денесі де сол жанмен бір болуға ұмтылады.

"Методы влияния на общество: психология согласия" кітабының авторы әрі мінез-құлықты зерттеуші поляк психологы Дариуша Долинскидің пікірінше, әңгімелесіп отырған қыздың есімін қайта-қайта айтып қалу – жігіттің ұнатқанының белгісі. Қызға өзінің есімін естіген майдай жағады, ал жігітке қайталап айтқан ұнайды.

Ер адаммен кездескенде байқалатын 10 жақсы әдет
Мейрамхана үстелі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сізді тыңдауға және өзі туралы айтуға дайын

Кез келген адам әңгімені қызықты етіп айта алмаса да, сүйіктіңізді тыңдау жағымды әсер қалдырады. Егер ер адам қарсы алдында отырған ханымды шын ықыласпен тыңдаса, өзі туралы бар ынтасымен айтып, екеуіне қатысты фото-бейне контент жариялайтын болса, таныстық әрі қарай жалғасуы мүмкін. Әйелдің өзі туралы әңгімелерін тыңдайтын шынайы және қызықты ер адамды нағыз олжа деуге болады. Ендеше келесі кездесуге келісім беріп, онымен сөйлесуді жалғастырыңыз.

Қыздың көңілін табады және өзіне де қамқорлық көрсетуге деген ықыласты оятады

Өзін-өзі қамтамасыз ететін адамдар басқаларға қамқорлық жасауды және өзіне де солай жасалғанын ұнатады. Ер адам қыздың сырт киімін шешуге көмектесіп, орындықты жылжытып, үстелдің ең ыңғайлы орнына жайғастырса өте жақсы. Егер ол сізді мұздап қалмасын деп жамылғы ұсынса, даяшыдан балауыз шам жағуды өтініп, кешкі асқа қандай шарап ішкенді ұнататыныңызды сұраса, мұндай адамға мұқият мән беріп қарағаныңыз жөн. Оның жейдесінің жағасын еріксіз жөндегеніңізді байқадыңыз ба? Романтиктер мұны химия деп атайды, әсіресе жаныңыздағы жігіт сізге кездейсоқ жақын болуға ұмтылса, мұндайды қыздар жақсы белгі деп есептейді.

Телефонға телмірмейді

Егер ер адам телефонын қолынан тастамаса, үнемі қоңыраулар қабылдап отырса, біреулермен хат жазысса, қарсы бағытта отырған қызбен арасында ғана сөйлессе, оны бұл қыз шынымен қызықтырмайды. Тіпті ең мықты кәсіпкердің өзі кездесу кезінде жұмысына қатысты барлық мәселені кідірте тұру керектігін және шұғыл жағдайда жанындағы қыздың рұқсатымен ғана 1-2 қоңырау шалған дұрыс деп ойлайды.

Ер адаммен кездескенде байқалатын 10 жақсы әдет
Телефонмен сөйлесіп тұрған ер адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қыздың жанынан кеткісі келмейді және жаңа кездесудің уақытын белгілеуге асығады

Қызды ұнатқан жігіт сағатқа мүлдем қарамайды. Керісінше қызға қарап кездесудің аяқталып бара жатқанына өкінетінін ашық айтады, қимастығын білдіреді. Оған қоса ақылды ер адам сол мезетте келесі кездесуге ұсыныс білдіріп, жауап күтеді.

Келесі кездесуді сіздің сүйікті орныңызда жасауды жоспарлайды

Аруға қамқорлық әрі қызығушылық танытқан адам келесі жолы оның қайда барғысы келетінін сұрайды. Таңдау үшін ыңғайлы күндер мен әдемі орындарды ұсынады, қыздың пікірін тыңдайды. Ол міндетті түрде талғам мен қызығушылықты ескереді, осылайша келесі кездесу қыздың сүйікті демалыс орнында немесе оның барғысы келіп армандап жүрген жерінде өтуі мүмкін.

Үйге дейін шығарып салады

Әрі қарай кездесуді жоспарламайтын және қыз баланың қауіпсіздігін ойламайтын жігіт дастарқан басында, есік алдында немесе метрода қоштаса салады. Қарым-қатынасты жалғастыруды көздеген және болашақта сенім артуға болатын кез келген адам есік аузына, ең болмағанда үйдің кіреберісіне дейін жеткізіп тастайды. Әрине сіз өзіңіз қарсылық танытпасаңыз болды, өйткені ұнататын жігіт қыздың жалғыз өзін жібергісі келмейді.

Ер адаммен кездескенде байқалатын 10 жақсы әдет
Көшеде кетіп бара жатқан ер мен әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Түбегейлі келіспеушіліктері жоқ

Егер ер адаммен араласу кезінде оның вегетериан екенін, күнделікті таңғы 5-те оянатынын, ағаш жастықта ұйықтап, жануарлардың жүніне аллергиясы бар екенін білсеңіз онымен бірге өмір сүрудің қиынға соғатыны анық. Себебі сіз ет жейтін, құсжастықта ұйықтайтын әрі үкі секілді кеш жататын, үш мысығын жақсы көретін жансыз. Көзқарас пен өмірлік құндылықтарда түбегейлі айырмашылықтардың болуы бақытқа апарар жолда кедергі болады.

Өзіңіздің және басқа адамдардың уақытын алмау үшін сіз бірінші кездесуде сол адаммен қарым-қатынастың болашағын анықтай аласыз. Егер жасыл жалаулар көп болса, мықты жұп болуға мүмкіндік бар, ал болмаса, уақытыңызды босқа өткізбеңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2004478-er-adammen-tanysqan-satte-baiqalatyn-10-zaqsy-adet-bolasagynyzdy-qalai-bailanystyrasyz/

pixel