Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жылы-жылы сөйлесең": Жігіттің жүрегін баурап алатын қандай жағымды сөздерді білесіз

Опубликовано:

Жігітке айтылатын жағымды сөздер: мақтаулар мен әдемі тіркестер
Фотоаппарат ұстаған қыз бен жігіт. Көрнекі сурет: pixabay.com

Романтикалық қарым-қатынас махаббаттың тілінде сөйлейді. Ерлерге арналған әдемі және жағымды сөздерді айту арқылы серігіңіздің жүрегіне жол табуға болады. Сөздің құдіретімен жігітке әсерлі әңгімені еркін айта аласыз, баурап алатын хабарлама жолдап, сезіміңіз туралы хабардар етесіз.

Сізге ұнайтын жігітке айтылатын жағымды сөздер

Сөз арқылы жеңіл әрі жылдам алғыс айтуға, ризашылық, жанашырлық білдіруге болады. Егер сізге ұнаған жігіттің назарын қалай аударатыныңызды білмей жүрсеңіз, оған жылы сөзіңізді жаудырыңыз. Жігітке жақсы сезім сыйлау үшін қандай сөздер айту керек? Кез келген жігітке мынадай сөздер ұнайды:

- Сен керемет жігітсің! Өзіңді сақта!

- Мына жейде саған өте жарасымды. Құдды сенің көзіңнің түсі секілді.

- Сен өте жайлы адамсың. Сенің қасыңда жүру сондай жақсы.

- Сен менің күнімнің жақсы өтуіне сеп болдың. Мен мынадай ырымға сенемін: егер таңертең жақсы адамды жолықтырсам, күнім сәтті өтеді.

- Сені елеусіз қалдыра алмаймын.

- Телефоным шырылдап жатыр. Сен емес пе?

- Сені жолықтыру - ең керемет таңғы мотивация.

- Сенің жаныңда өзімді қауіпсіз сезінемін.

"Наша психология" басылымы жылы сөздер мен мақтаулардан басқа ер адаммен тез тіл табысуға көмектесетін бірқатар мысалды ұсынады:

  • жігітті есімімен атау;
  • байланыс орнатудың жақсы нұсқасы - көмек сұрау;
  • ер адамның қимылын және ым-ишарасын еріксіз қайталау;
  • жігітті тыңдау, әңгіме барысында оның көзіне қарап, мақұлдағандай бас изеу;
  • ығырын шығарып жібермеңіз және зеріккеніңіз туралы айтпаңыз;
  • өз кемшіліктеріңізді көрсетуден қорықпаңыз, шынайы және ашық болыңыз.
Жігітке айтылатын жағымды сөздер: мақтаулар мен әдемі тіркестер
Қыз бен жігіттің қолы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Егер арадағы қарым-қатынас әлдеқашан басталған болса, жылы сөзіңізді аямаңыз. Ер адамдардың жағымды сөзді жақсы көруі қыздардан кем түспейді.

- Сен маған романдарда жазылған ғажайып сезімді сыйлап жүрсің.

- Менің арманым сені кезіктірген күні орындалды.

- Жүрегімнің еріп кетуіне себепсің.

- Өзімді сұлу әйел ретінде сезіне алатыным үшін алғысым шексіз.

- Сенің жаныңда өзімді жақсы көруге тырысамын. Сенімен бірге болсам, маған бағынбайтын дүние жоқ секілді көрінеді.

- Сен - менің қаһарманымсың!

Егер өз сезіміңізге сенімді болсаңыз, мойындаудан қорықпаңыз. Өйткені бұл - сіздің сүйікті адамыңызға айта алатын ең жақсы сөзіңіз.

Жігітке айтылатын жағымды сөздер: мақтаулар мен әдемі тіркестер
Жарасымды жұп. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жігітке арналған мақтаулар мен әдемі сөздер

Мақтау сөздер ер адамның өзін жоғары бағалауына сеп болады әрі қобалжығанын басады. Жігітіңізге арнап мынадай керемет сөздерді айтыңыз.

- Сен ерекше адамсың. Сенің сөзің мен ісің маған өте маңызды.

- Мен ең бақытты жанмын, өйткені жанымда сен барсың!

- Таңертең ұйқыдан оянып, жаңа күнді қарсы алуыма үлкен мотивациясың.

- Ешкім мінсіз емес, бірақ сен мен үшін мінсізсің.

- Сымбатты, талантты әрі бірегей жігітсің. Мақсатыңа қарай жүрген жолыңа ешкім бөгет бола алмайды. Сондықтан да сенде бәрі жақсы болады.

Психология ғылымдарының докторы Николай Козлов қарым-қатынаста сенім орнату үшін артық ештеңе айтпағандай, бірақ адам риза болатындай "жасырын" мақтау сөздерден бастауға кеңес береді. Сөйлесіп отырған адамға қызығушылық танытыңыз, оның өмірі, хоббиі, жұмысы туралы сұрақ қойыңыз. Сонда бұл жағымпаздық сияқты көрінбейді, ал жігіт аруды қызықтыра алғанын түсінеді.

Жігітке жылы сөздер айтуға батылыңыз жетпесе, бірақ кездесуге қатты асықсаңыз, нәзіктігіңізді пайдалана отырып хабарлама жіберіңіз. Жігітке хабарлама жазудың жақсы тұсы қандай? Сезіміңіз бен әсеріңізді хат арқылы бөлісіңіз.

- Ештеңе істеуге зауқым жоқ. Бар ойым сен туралы болып жүр.

- Сағындым сені, жаным. Дәл қазір қасымда болғаныңды қалаймын.

- Мына суық күнде мені сен ғана жылыта аласың. Жанымда болмағаның қандай өкінішті.

- Көзіңе қарағым келеді. Біздің бірге болғанымызды асыға күтемін.

- Қайда жүрсең де жүрегімдесің.

Ер адамдар әзіл-сықақты бағалайды. Жеңіл әзіл сезімнің жаңа қырларын аша түседі.

- Сені мәңгі күтуге дайынмын. Бірақ менің төзімімді сынама. Қолымнан келгенінің бәрін жасаймын.

- Менің махаббатымның құйынысың. Иә, мен күнәһармын, маған да сол керек!

- Саған деген махаббатымды ешбір дәрі емдей алмайды. Маған әлі ешкім он шоколад ұсынып көрген жоқ.

- Сен туралы ойлауға мәжбүрлеме. Мен бос емеспін.

- Ешнәрсе мәңгілік емес дейміз, ал мен сен үшін мәңгі бола аламын ба?

Хабарламаны шамадан тыс жолдамаңыз. Егер сіз мұндай хаттарды 10 минут сайын жіберетін болсаңыз, өз құндылығыңызды жоғалтасыз әрі бұл жігіттің ығырын шығарады. Аз дүние қашан да құнды екенін естен шығармаған абзал.

Жігітке айтылатын жағымды сөздер: мақтаулар мен әдемі тіркестер
Телефон қарап тұрған қыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сүйіктіңізге арналған жылы және назды сөздер

Мейірімділік пен нәзіктік - әйелдің ер адамға бере алатын басты сезімдерінің бірі. Жігітке айтылатын жылы сөздер қандай болу керек? Сүйіктіңізге жағымды сөздер айтыңыз.

- Сенің бойыңда ешкімде жоқ керемет, ерекше, нәзік және тартымды мінез бар. Сол ерекшелігіңді жақсы көремін.

- Енді сені құшақтаған сәтімде ешқайда жібермеймін.

- Мен өзім үшін ненің жақсы екенін білмеймін: сенің жағымды дауысыңды есту ме, әлде көзіңе қарау ма? Мұның шешімін табу үшін тез арада кездесуіміз керек.

- Сенің есімің - менің бақытымның синонимі. Сыртқы келбетің - кемелділіктің көрінісі. Дауысың ең әдемі әуен секілді. Ал біздің бірге жүруіміз – әдемі махаббаттың суреті. Бұл дүниеде бір-бірімізді тапқанымызға қатты қуанамын.

Жігітке айтылатын жағымды сөздер: мақтаулар мен әдемі тіркестер
Жұптың кешкі кездесуі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Өз сөзіңізбен жігітке махаббатыңыз жайлы қалай білдіруге болады? Сіз жай ғана "мен сені сүйемін" деп айта аласыз. Егер сезіміңізді әдемі әрі ерекше жеткізгіңіз келсе, мына сөздерді қолданып көріңіз:

Менің сезімім - алау атқан жанартау. Сені кездейсоқ ойлағанның өзінде жүрегім құштарлықтан балқиды. Бұл сезім ішімде жанып жатыр. Осы бір лаулаған отты тек сен ғана өшіре аласың. Өйткені мен сені қатты жақсы көремін!

Қымбаттым, мен екеуміздің қарым-қатынасымызды өте жоғары бағалаймын. Сенің жаныңда өзімді еркін сезінемін. Өмір жолымда ең сенімді, адал, қамқор және сүйікті адамның болғанына қуанамын. Мен сені шын жүрегіммен жақсы көремін!

Бақытым менің! Саған деген махаббат мені теңіз толқынындай басып алды. Тамырларым тулаған соқпа толқынға қарағанда қаттырақ соғатын тәрізді. Ойларым шашыраңқы көбік сияқты үзік-үзік. Сені күнде көргім келеді, өзіңмен бірге оянғым келеді, таңертең кофе ішіп, кешке күннің батқан сәтін бірге тамашалағым келеді. Мына керемет өмірді жақсы көргенім секілді сені де қатты жақсы көремін!

Сен жер бетіндегі ең жақсы адамсың! Сен жоқта мұңайып, жалғызсырап қаламын. Сенен бір минут та жырақтағым келмейді. Мен сені өте қатты жақсы көремін!

Қымбаттым, сен менің өмірімді армандар мен ертегі әлеміндегідей әдемі еттің. Керемет бақыт тарту еткенің үшін рахмет! Сені өмірден артық жақсы көремін!

Қымбаттым, саған деген сезімім күн сайын күшейе түсуде. Сен мықты әрі батылсың, керемет жансың, сенімді доссың. Күн сайын бойыңнан жаңа қасиеттер тауып, саған одан сайын ғашық боламын.

Жігітке айтылатын жағымды сөздер: мақтаулар мен әдемі тіркестер
Көгалда серуендеген ер мен әйел. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сені сүймеген кездерім болды. Бірақ бұл біздің кездескен сәтімізге дейінгі күндерім еді. Ал қазір сенсіз бір күн өмір сүре алмаймын. Енді мен бүкіл әлемге өз бақытым туралы айқай салып айтамын, өйткені мен сені жақсы көремін және әрдайым бірге болғым келеді.

"Пять языков любви" кітабының авторы Гэри Чепмен арадағы махаббатты ұзақ жылдар бойы сақтау үшін серігіңіздің көңіліне жағатын сезімге толы сөздерді айту маңызды деп жазады.

Ер адамға жылы лебіздер мен мақтау сөздер айта отырып, сіз оған күн сайын көңіл бөліп, сүйіспеншілігіңізді білдіре аласыз. Жылы сөз қашанда эмоционалдық байланыс орнатуға көмектеседі, мұндай қарым-қатынас ер адамды ғана емес, жарына жақсы сөзін аямайтын әйелді де қуантады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2011406-zyly-zyly-soilesen-zigittin-zuregin-baurap-alatyn-qandai-zagymdy-sozderdi-bilesiz/

pixel