Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақтөбе аруы - 2023" байқауының жеңімпазы анықталды (фото, видео)

Опубликовано:

Ақтөбе аруы - 2023" байқауының жеңімпазы
Ақтөбе аруы - 2023" байқауының жеңімпазы Тілекші Серікқалиқызы. Фото.: diapazon.kz

Ақтөбедегі Қазақстан-Ресей медицина университетінің студенті Тілекші Серікқалиқызы "Ақтөбе аруы - 2023" байқауының жеңімпазы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Диапазон" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның жазуынша, "Ақтөбе аруы" байқауы алғаш рет ашық аспан астында, қаладағы "Өнер орталығы" ғимартының алдындағы алаңда өткен.

Байқауды тамашалауға жүздеген ақтөбелік келген. Олар өткінші жауынға қарамастан, ортаға шыққан әрбір қатысушыға қолдау білдіріп отырған.

Ал байқауда 11 бойжеткен бағын сынаған. Арулар би билеп, ән айтып, өлең оқып өнерлерін ортаға салған.

Нәтижесінде "Ақтөбе аруы - 2023" титулын Қазақстан-Ресей медицина университетінің студенті Тілекші Серікқалиқызы жеңіп алған. Енді ол Ақтөбе намысын "Қазақстан аруы" байқауында қорғайтын болады.

"Ақтөбе аруы - 2023" байқауының жеңімпазы Тілекші Серікқалиқызы
"Ақтөбе аруы - 2023" байқауының жеңімпазы Тілекші Серікқалиқызы. Фото: diapazon.kz

Ал бірінші "Вице мисс-Ақтөбе" атағын, Меруерт Абдурахимқызы, екінші "Вице мисс-Ақтөбе" атағын Айшабибі Ерболат, үшінші "Вице мисс-Ақтөбе" атағын Ақгүл Елеусіз, "Miss Virtual" атағын Жұбанов университетінің студенті 20 жастағы Сабрина Жолдыбай жеңіп алған.

қыздар
Байқауға қатысқан қыздар. Фото: diapazon.kz

Айта кетейік, былтыр "Ақтөбе аруы - 2022" атағын Жұбанов университетінің студенті Орынгүл Едіге жеңіп алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2027212-aqtobe-aruy-2023-baiqauynyn-zenimpazy-anqytaldy-foto/

pixel