Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Трансгендер "Нидерланд аруы - 2023" атанды

Опубликовано:

Рикки Колле
Рикки Колле. Фото: instagram.com/missnederland

22 жастағы трансгендер Рики Колле "Нидерланд аруы-2023" титулының иегері атанды – байқау тарихында алғаш рет сұлулық ханшайымының тәжі биологиялық әйелге бұйырмады.

Өткен кеште байқау қорытындысы шығарылды. Байқау тарихында алғаш рет трансгендер жеңімпаз болды. Марапаттау сәтінің кадрлары байқаудың ресми Instagram профилінде жарияланды.

Ұйымдастырушылар Рикки туралы: "Бұл финалист шоу бойы жарқырап тұрды, сонымен қатар бұл жолда ең жоғары жетістіктерге жетті", – деп жазған.

Енді "Мисс Нидерланд – 2023" "Әлем аруы" байқауында ел намысын қорғайды.

Рикки Instagram желісіндегі ресми профилінде жаңа жеңістерге дайындалатынын және "Әлем аруы" байқауында жетістігін қайталағысы келетінін жазған.

Айта кету керек, желі қолданушылардың көпшілігі Рикки Колленің жеңісімен келіспеген – көпшілігі байқау нәтижесі туралы жағымсыз пікір білдірген.

"Бұл дұрыс емес. Биологиялық ер адамдар мұндай жарыстарға қатыспауы керек. Бұл барлық биологиялық әйелдерге жасалған әділетсіздік", "Жарысқа қатысушылардың барлығы ұятқа қалмау үшін сол жерден шығып кетуі керек еді", "Нағыз әйелдер 44 өлшемді аяқ киім кимейді. Күлкімді келтірмеңіз", – деген желі қолданушылары байқау нәтижесін сынға алды.

Кейбіреулер екінші орын алған қызды жеңіске лайық деп санаған.

Дегенмен, Риккиді қолдағандар да жоқ емес.

"Осы жағымсыз пікірлердің барлығын елеме. Біз сені мақтан тұтамыз!", "Жеңіспен құттықтаймын, сұлу қыз", "Риккидің жеңісіне өте қуаныштымын, ол Нидерландының атынан лайықты түрде шығады деп сенемін", – деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2028002-transgender-niderlandy-aruy-2023-atandy-foto/

pixel