Сүт қосып жасалған панкейктер: ең оңай дайындалу жолы
Жарияланған күні:
Үлпілдек, қуырылған панкейктер бүкіл отбасы үшін таптырмас таңғы ас. Оларды майлы емес, бірақ тойымды әрі қош иісті етіп жасауға болады. Олардың дәмін келтіру үшін сүйікті тосабыңызды, шәрбат немесе бал қолданған дұрыс.
Сипаттамасы
- Асханасы: Америкалық
- Санаты: десерт
- Дайындау уақыты: 3 минут
- Пісетін уақыты: 9 минут
- Мөлшерлік калориясы: 580 ккал
Ингредиенттер
- тауық жұмыртқасы - 2 тал
- қант - 100 гр.
- бидай ұны ж/с - 250 гр.
- сүт - 200 мл.
- сұйық май - 60 мл.,
- тұз - 1 гр.
- қопсытқыш - 1 шай қасық.
1. Жұмыртқаның сарысын қант қосып шайқаңыз
Жұмыртқаның ағы мен сарысын бөліп алыңыз. Сарысын таза, құрғақ ыдысқа салып алыңыз, оған 100 г қант қосыңыз. Орташа жылдамдыққа қойылған миксермен немесе араластырғыштың көмегімен ашық сары түсті крем тәрізді масса алынғанша араластырыңыз.
2. Сүт қосыңыз
Алынған массаны 200 мл сүт құйылған ыдысқа құйыңыз. Бөлме температурасындағы майлылығы орташа сүтті қолданыңыз. Миксерді жоғары жылдамдыққа қойып, ингредиенттерді біртекті болғанша араластырыңыз. Көпіршік пайда болуы керек.
3. Ұн қосыңыз
Ұнның төрттен бір бөлігін ыдысқа салып, орташа жылдамдыққа қойылған миксермен араластырыңыз. Ұн сұйықтыққа әбден араласқан кезде қалған бөлігін салыңыз. Осы әдіс арқылы консистенциясы қаймаққа ұқсас иілгіш қамыр дайындаңыз. Соңғы жағында қоспаға 1 шай қасық қамыр қопсытқышын және 60 мл сұйық май қосып араластырыңыз.
4. Жұмыртқаның ағын шайқаңыз
Бөлме температурасында тұрған жұмыртқаның ағын құрғақ ыдысқа құйып, бір шымшым тұз қосыңыз. Миксерді жоғары жылдамдыққа қойып, қатты шайқаңыз.
5. Қамырды шайқалған жұмыртқаның ағымен араластырыңыз
Шайқалған жұмыртқаның ағының бір бөлігін қамырға қосыңыз. Силикон күрекше немесе қасықтың көмегімен қамыр қоспамен араластырыңыз. Әрекетті тағы қайталап, араластыруды жалғастырыңыз. Осылайша барлық қоспаны қамырға қосып шығыңыз.
6. Қоспаны табаға құйыңыз
Түбі қалың майланбаған табаны орташа жанған отқа қойыңыз. Таба әбден қызған кезде үстіне қамырды шөмішпен салыңыз (шамамен 2 ас қасық немесе 30 г). Панкейктің диаметрі шамамен 10-13 см болу керек.
7. Панкейкті аударыңыз
Қуырылып жатқан панкейктің шеті қоңырқайлана бастаған кезде оны ақырындап аудару керек. Оны қызарғанша қуыру керек. Егер таба үлкен болса, екі немесе үш панкейкті қатар қуыруға болады.
8. Панкейктер дайын
Панкейкті бірінің үстіне бірін қойып, табаққа салыңыз. Егер қойылған панкейк биік болып кетсе, бамбук таяқшамен бекітіп қойыңыз. Панкейктерге жидектермен, кесілген жемістермен, тосаппен, шәрбатпен және балмен гарнир жасаңыз. Қорытылған сары майды бөлек ұсынуға болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2035065-sut-qosyp-zasalgan-pankeikter/