jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қырғызстанда алғаш рет үш бойжеткен "Қырғызстан аруы" атағын жеңіп алды

Ақылай Қалбердиева, Майя Тұрдалиева и Айпері Кеңешбекова
Ақылай Қалбердиева, Майя Тұрдалиева и Айпері Кеңешбекова. Фото: instagram.com/beauty_company_kyrgyzstan

Қырғызстан үш финалист бірден "Қырғызстан аруы-2023" атағын жеңіп алды. Бұл сұлулық байқауының тарихында алғаш рет орын алды, деп хабарлайды АКИpress басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

3 қазанда Бішкек қаласында жыл сайынғы "Қырғызстан аруы" ұлттық байқауы өтті. Ұйымдастырушының айтуынша, биыл байқаудың шарттары өзгерді, бұл жолы үш қатысушыға бірден жеңімпаз атануға мүмкіндік берілді. Сұлулық байқауының финалында 17 бойжеткен бақ сынады.

Осылайша, сұлулық байқауында бірден үш аруға тәж кию бақыты бұйырды. 21 жастағы Ақылай Қалбердиева "Қырғызстан аруы" атағын жеңіп алып, ақшалай сыйлыққа қол жеткізді.

"Мисс Кыргызстан Вселенная" атанған 25 жастағы Майя Тұрдалиева Miss Universe 2024 халықаралық байқауына қатысу құқығына ие болды.

Ал "Мисс Кыргызстан Земля" атағына ие болған 21 жастағы Айпері Кеңесбекова алдағы уақытта Miss Earth 2024 халықаралық байқауында бағын сынамақ.

Қырғызстанда алғаш рет үш бойжеткен "Қырғызстан аруы" атағын жеңіп алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.