Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйеуінен қатыгездік көрген": алматылық Айбара Ғазиз сұлулық байқауында жеңіске жетті

Опубликовано:

Айбара Ғазиз
Айбара Ғазиз. Фото: instagram/aibaragaziz

Қазақстандық Айбара Ғазиз "Миссис Kazakhstan Globe 2023" байқауында жеңіске жетті. Бұл туралы "Жан-Сая" дағдарыс орталығы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Осыдан үш жыл бұрын күйеуінің қатыгездігіне тап болған Айбара "Жан-Сая" дағдарыс орталығынан баспана мен қорған іздеген болатын.

Қажетті қолдау мен көмек алғаннан кейін, бірнеше ай ішінде ол аяғына нық тұрды.

Айбара барлық қиындықты жеңіп, өзіне сенді. Қиын күндер пен өкпе-ренішті артта қалдырып, жаңа өмір парағын бастады.

Бүгінде ол көпбалалы ана және табысты кәсіпкер атанып үлгерген. Сонымен қатар "Миссис Kazakhstan Globe 2023" тәжінің иегері атанды", - деп жазылған дағдарыс орталығының ресми парақшасында.

Ал Айбара болса, қазақ әйелдерінің мықтылығын көрсетуді мақсат еткен.

"Иә, осы жобада өзімді жеңіс тұғырынан көрсем деп армандадым. Осы жобаға қатысудағы мақсатым - қазақ әйелінің бейнесін жасағым келді.

Менің тағдырыма жазылған осы екен деп мойынсынып отыра алмадым.

Әрбір әйелдің ішінде алып күш бар екенін көрсеткім келді!

Финалда 18 арудың ішінен бақ сынасып, суырылып шықтым. Әрбіріңізге басымды иіп рақмет айтамын, алғыс білдіремін!", - деп жазды Айбара Ғазиз жеке парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2041120-kuieuinen-qatygezdik-korgen-almatylyq-aibara-gaziz-sululyq-baiqauynda-zeniske-zetti/

pixel