Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүзбе қосылған бөлке: Гүлжанат Нұрышева ұсынған ең дәмді рецепт

Жарияланған күні:

Дәмді бөлкелер
Сүзбе қосылған дәмді бөлкелер. Көрнекі сурет: YouTube/ Gulzhannat Nurusheva

Сүзбе қосылған бөлке - балалар мен үлкендердің сүйікті тағамы. Тойымды әрі жұмсақ боп пісетін бөлкенің дайындалу әдісі қиын емес. Фудблогер Гүлжанат Нұрышева ұсынған рецепт бойынша сіз де ең дәмді сүзбе қосылған бөлкелерді пісіріп көріңіз.

Сүзбе қосылған бөлке нанның тарихы ертеде адамдардың Күн Құдайы Ярилаға табынған кезеңінен басталды. Содан кейін оның құрметіне сүзбе толтырылған дөңгелек бөлкелер пісірілді. Бұл рецепт жайлы алғаш рет XVIII ғасырда айтылды. Тағы бір нұсқа бойынша, "ватрушка" сөзі пештің ежелгі "ватра" деген атауынан шыққан. Ертеде сұзбе салынған бөлкені үлкен бәліш тәрізді пісірген, ал бөлкені бүкіл отбасына жеткілікті болатындай етіп кесіп ұсынатын болған. Қазіргі уақытта мұндай кондитерлік өнім кішкене шелпек пішінде пісіріледі және үстіне сүзбе салынады.

Сипаттамасы

Асханасы: славян

Санаты: тіскебасар

Дайындау уақыты: 5 минут

Пісетін уақыты: 40 минут

Мөлшерлік калориясы - 260 ккал

Ингредиенттер

Сүт - 265 г

Қант - 155 г

Құрғақ ашытқы - 11 г

Тауық жұмыртқасы - 4 тал

Жоғары сорттық бидай ұны - 500 г

20 % қаймақ - 150 г

Тұз - 3 г

Жүгері крахмалы - 2 ас қасық

Жұмыртқаның сарысы - 1

82,5 % сары май - 80 г

Дайындалуы

1. Сүт пен ашытқыны араластырыңыз

Ашытқы мен сүт
Сүтке араластырылған ашытқы. Көрнекі сурет: YouTube/ Gulzhannat Nurusheva

Алдымен ыдысқа жылы сүтті құямыз, сүттің үстіне құрғақ ашытқыны саламыз. Оның үстіне қант қосып, әбден араластырамыз.

2. Жұмыртқа қосыңыз

Жұмыртқа қосу
Қоспаға салынған жұмыртқа. Көрнекі сурет: YouTube/ Gulzhannat Nurusheva

Ыдысқа тауық жұмыртқасын салыңыз. Егер жұмыртқа көлемі үлкендеу болса 1 тал қосуға болады. Сұйық қоспаны біркелкі болғанша араластырыңыз.

3. Қамыр илеңіз

Қамыр илеңіз
Бөлке қамырын илеу сәті. Көрнекі сурет: YouTube/ Gulzhannat Nurusheva

Сүт құйылған ыдысқа ұн салып, қамыр илейміз. Қамыр иіні қанған, жұмсақ болып шығуы керек. Қамырды илеп жатқан кезде ортасына сары майды ерітіп саламыз. Қасықпен араластырып, содан соң қолмен илеңіз.

4. Қамырдың көтерілгенін күтіңіз

Қамырды ашыту
Беті пленкамен жабылған қамыр. Көрнекі сурет: YouTube/ Gulzhannat Nurusheva

Қамыр жақсы көтерілу үшін бетін тағам орауға арналған пленкамен ыдыстың бетін жауып, 1 жарым сағат жылы жерге қойыңыз. Осы уақыт аралығында қамыр жақсы көтерілу керек. Әдетте 30 градуста тұрған қамыр бір сағат ішінде жақсы көтеріледі.

5. Бөлкенің салмасын дайындаңыз

Сүзбе мен қант
Сүзбе, қант және жұмыртқаны араластыру. Көрнекі сурет: YouTube/ Gulzhannat Nurusheva

Сүзбеге жұмыртқаны қосып, үстіне қаймақ, қант саламыз. Барлығын шанышқының көмегімен жақсылап араластырамыз. Содан соң крахмал қосып, тағы да жақсылап араластырамыз.

6. Қамырды бөліктерге бөліңіз

Қамырды бөліктерге бөлу
Бірнеше бөлікке бөлінген бөлке қамыры. Көрнекі сурет: YouTube/ Gulzhannat Nurusheva

Қамыр көтерілген соң бірнеше бөліктерге бөлеміз. Шамамен 14-15 шар пішінін жасап, бөлке жасаңыз. Бөлке қамырының үстін ас пленкасымен жауып, тағы 15 минутқа қойсаңыздар, одан сайын күшті болып көтеріледі.

7. Бөлке пішінін жасаңыз

Салма салынған бөлке
Сүзбесі салынған бөлкелер. Көрнекі сурет: YouTube/ Gulzhannat Nurusheva

Содан соң стақанның көмегімен үстін басып шығамыз. Сүзбе салмасын салатын бөлкенің ортасы ойық болып тұру керек. Сол үшін стақан қолданылады. Содан соң бөлке салмасынан 2-3 ас қасық салып шығамыз. Көбірек салуға да болады, бастысы сыртына шығып кетпесе болғаны.

8. Бөлкенің бетіне жұмыртқа жағыңыз

Жұмыртқа жағу
Бөлке қамырына жағылған жұмыртқа сарысы. Көрнекі сурет: YouTube/ Gulzhannat Nurusheva

1 тал жұмыртқаның сарысы мен бір-екі тамшы сүтті араластырып, қамырдың сыртына жағып шығыңыз. Бұл бөлкелер піскен кезде қызарып, әдемі болып шығуы үшін қажет.

9. Бөлкелерді пісіріп алыңыз

Бөлкелерді пісіру
Қызартып пісірген сүзбелі бөлкелер. Көрнекі сурет: YouTube/ Gulzhannat Nurusheva

Бөлкені алдын-ала 180 градуста қыздырылған пеште шамамен 30 40 минуттай пісіріп, қызарған кезде аламыз. Піскен бөлкелерді сәл суытып алыңыз. Дәмді әрі тойымды бөлкелердің қамыры өте жұмсақ болып шығады. Сүзбе қосылған бөлкелер піскен соң ортасына осы қант ұнтағын сепсеңіз де болады. Сол кезде дәмі ерекше болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2043068-suzbe-qosylgan-bolke-gulzanat-nuruseva-usyngan-en-damdi-recept/