Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарын қосып жасалатын Хе: Диана Есенбекова ең дәмді салат рецептін ұсынады

Опубликовано:

Қарын салаты
Қарыннан дайындалған салат. Көрнекі сурет: YouTube / Супер келін Диана

Қарын қосып пісірілетін Хе салаты өте дәмді әрі тойымды тағам болып саналады. Калориясы аз қарынды қуырып та, бұқтырып та жеуге болады. Фуд-блогер Диана Есенбекова корей әдісі бойынша жасалатын салаттың ең оңай рецептін бөлісті.

Қарыннан жасалатын Хе салаты - Орталық Азияны мекендейтін корей халқының ерекше тағамы. Қарынның құрамында ақуыз көп, көмірсулар жоқ. Мұндай салат арықтағы келетін адамдар үшін таптырмас тағам. Хе салатын жасау аса қиын емес. Осы рецепт бойынша салатты түскі асқа да, кешкі асқа да дайындауға болады.

Сипаттамасы

Асханасы: Азиялық

Санаты: бас тағам

Дайындау уақыты: 20 минут

Пісетін уақыты: 60 минут

Мөлшерлік калориясы: 124 ккал

Ингредиенттер

Қойдың піскен қарыны - 300 г

Орташа көлемдегі сәбіз - 2 дана

Тәтті бұрыш - 1 қызыл, 1 жасыл түсті

Пияз - 2 дана

Сұйық май - 4 ас қасық

Сарымсақ - 1 түйір

Ащы бұрыш - 0,5

Тұз - 1 шай қасық

Қант - 1 шай қасық

Сіркесу - 1 шай қасық

Кориандр - 1 шай қасық

Ұнтақталған қызыл бұрыш - 1 шай қасық

Соя соусы - 2 шай қасық

Көк жуа - дәміне қарай

Күнзе (кинза) - дәміне қарай

Дайындалуы

1. Қарынды ұзыншалап тураңыз

Қарынды турау
Ұзыншалар туралған қарын еті. Көрнекі сурет: YouTube / Супер келін Диана

Жақсылап тазаланған қарынды пісіріп алыңыз. Әбден піскен қарынды суытыңыз. Суыған қарынды ұзыншалап тураңыз. Туралған қарынды салат дайындауға арналған шұңғыл ыдысқа салыңыз.

2. Сәбізді үккіштен өткізіңіз

Сәбізді турау
Үккіштен өткізілген сәбіз. Көрнекі сурет: YouTube / Супер келін Диана

Сәбіздің қабығын аршыңыз және салқын сумен жуыңыз. Содан соң корей салатын жасауға арналған үккіштен ұзыншалап өткізіп шығыңыз. Үккіштен өткізген сәбізді қарын салынған ыдысқа салыңыз.

3. Түрлі-түсті бұрышты тураңыз

Тәтті бұрыштар
Ұзыншалап туралған тәтті бұрыш. Көрнекі сурет: YouTube / Супер келін Диана

Қарыннан дайындалатын салатқа бағдаршам тәрізді түрлі-түсті бұрыш қосу керек. Алдымен түрлі-түсті бұрыштың сабағын алып, ортасындағы дәндерін тазалаңыз. Содан кейін ортасынан бір бөліп, оны да ұзыншалап турап шығыңыз.

4. Пиязды тураңыз

Туралған пияз
Жұқалап туралған пияз. Көрнекі сурет: YouTube / Супер келін Диана

Пияздың қабығын аршыңыз. Салатқа 2 дана пияз қажет болады. Сондықтан ең алдымен екі пиязды да ортасынан бөліп, жұқалап турап алыңыз. Оның біреуін қызып тұрған табаға май құйып, қуырып алу керек. Пияздың түсі қызарғанша қуырыңыз. Ал екіншісі салат жасап жатқан ыдысқа салынады.

5. Тұз, қант және кориандр қосыңыз

Тұз, бұрыш және кориандр
Тұз, бұрыш және кориандр қосылған салат. Көрнекі сурет: YouTube / Супер келін Диана

Сарымсақтың қабығын аршыңыз да, майдалап тураңыз. Туралған сарымсақты салат ыдысына салыңыз. Ащы бұрыштың ортасындағы дәндерін тазалап алыңыз. Содан соң ұзыншалап турап, салатқа қосыңыз. Салатқа 1 шай қасыз тұз, 1 шай қасық қант салыңыз. Артынша үстіне 1 шай қасық сірке суын құйыңыз. Содан соң 1 шай қасық кориандр мен 1 ас қасық ұнтақталған қызыл бұрыш (паприка) қосыңыз.

6. Көк жуа қосып, салатты араластырыңыз

Көк жуаны турау
Туралған көк жуа мен күнзе. Көрнекі сурет: YouTube / Супер келін Диана

Салатқа қосатын өнімдерді турап салған соң үстіне алдын-ала қуырып алған пиязды салыңыз. Салатты жақсылап араластырыңыз. Содан соң 2 шай қасық соя соусын құйып, тағы да араластырып шығыңыз. Көк жуа мен күнзені (кинза) салқын сумен жуып алыңыз. Содан соң ірілеу етіп тураңыз. Туралған көк жуа мен күнзені салатқа қосыңыз. Аскөк салуға да болады. Барлығын қайтадан араластырыңыз. Дайын салатты табаққа салып, дастарқанға ұсыныңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2048967-qaryn-qosyp-zasalatyn-xe-diana-esenbekova-en-damdi-salat-receptin-usynady/

pixel