Cамарқан палауын қалай пісіреміз: Диана Есенбековадан дәмі тіл үйіретін палау рецебі
Жарияланған күні:
Дәмі тіл үйіретін Самарқан палауының рецебін қыз-келіншектердің бірі білсе, бірі біле бермейді. Осыған орай, назарларыңызға аталған палаудың ерекше рецебін ұсынамыз.
Cамарқан палауының дәмді рецептісін көпшілік біле бермейді. Фудблогер Диана Есенбекова өзінің YouTube арнасында осы және өзге де ерекше рецепттермен бөлісетін болады.
Сипаттамасы
Асхана: Өзбек
Санаты: басты тағам
Дайындалу уақыты: 20 минут
Дайын болу уақыты: 30 минут
Құрамы
Сиыр еті - 1 кг
Пияз - 2 дана
Паприка - 1 ас қасық
Сәбіз (сары, қызыл) - мөлшеріне қарай
Ноқат - мөлшеріне қарай
Мейіз, барбарис, зірә - дәміне қарай
Қалампыр - 2 дана
Сарымсақ - 2 дана
Лазер күріші - 1 кг
Тұз - дәміне қарай
Зығыр майы - 2 ожау
Cұйық май - 2 ожау
Дайындалуы
1. Майды қыздырып аламыз
Алдымен сұйық майды қыздырып аламыз. Сосын оның үстінен зығыр майын құямыз. Зығыр майының иісі мен дәмі кету үшін, бір дана пиязды турап, ол сарғайғанша майда қуырып аламыз. Кейін пиязды кепкірмен алып тастаймыз.
2. Ет пен пиязды қуырып аламыз
Қызып тұрған майға етті салып, қызарғанша қуырып аламыз. Үстінен пиязды қосып, пияздың сөлі шығып, етті жұмсартқанша жақсылап қуырамыз. Дәміне қарай тұз бен паприканы қосамыз.
3. Сәбіз бен барбаристі қосамыз
Қызыл және сары сәбізді етке қосып қуырамыз. Сосын мейіз бен барбаристі жуып, қосамыз. Жақсылап араластырып, қуырамыз.
4. Ноқат, су мен дәмдеуіштерді қосамыз
Қазанға алдын ала бір күн бұрын суға салып, жібітілген ноқатты саламыз. Айта кетерлігі, ноқатты алдын ала жібітіп қойған дұрыс. Себебі, жібітпесеңіздер, қатты болып, піспей қалуы мүмкін. Сосын дәмдеуіштерді дәміне қарай қосып, су құямыз. Кейін ортасына екі дана сарымсақ пен екі қалампырды (ащы бұрыш) саламыз.
5. Күрішті саламыз
Күріш салмастан бұрын, марляны қалған массаның үстінен жабамыз. Сосын бетіне күрішті салып, қайнаған суды құямыз. Суды күріштің бетін жауып тұратын мөлшерде құю қажет. Сосын қатты отта пісіреміз. Күрішті, сондай-ақ, әр 10 минут сайын араластырып отыру керек.
6. Палауды дастарханға ұсынамыз
Палаудың бетін табақпен жапқан дұрыс. 30-35 минуттан кейін табаққа алдымен күрішті, кейін бетіне еті мен көкөністерді саламыз. Осылайша дәмі тіл үйіретін Самарқан палауы дайын болып шығады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2082404-camarqan-palauyn-qalai-pisiremiz-diana-esenbekovadan-dami-til-uiiretin-palau-recebi/