Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жусай қосылған күлше нан: Гүлжанат Нұрышева әзірбайжан тағамының рецебін ұсынды

Жарияланған күні:

Жусай қосылған күлше нан. Скриншот
Жусай қосылған күлше нан. Скриншот: YouTube/ Gulzhannat Nurusheva

Жусай қосылған күлше нанды әзірбайжан халқы - кутабы деп жатады. Дәмі ерекше тағамды қалай әзірлеуге болады? Гүлжанат Нұрышеваның рецебінен біле аласыздар.

Кутабы - әзірбайжан халқының ұлттық тағамдарының бірі. Оның жасалу жолымен белгілі фудблогер Гүлжанат Нұрышева таныстыратын болады. Блогердің YouTube арнасынан одан бөлек басқа да тағамдардың рецебімен таныс бола аласыздар.

Сипаттамасы

Асхана: Әзірбайжан

Санаты: тіскебасар

Дайындалу уақыты: 30 минут

Дайын болу уақыты: 5 минут

Құрамы

Аскөк - 100 г

Ұн - 300 г

Өсімдіа майы - 1.5 ас қасық

Жасыл пияз - 50 г

Тұз - 1 шай қасық

Су. - 150 мл

82,5% cары май - 50 г

Жусай - көлеміне қарай

Дайындалуы

1. Қамыр илейміз

Қамыр илейміз. Скриншот
Қамыр илейміз. Скриншот: YouTube/ Gulzhannat Nurusheva

Суды қайнатамыз. Қайнаған суды миксердің ыдысына саламыз. Сосын бір шай қасық тұз бен өсімдік майын саламыз. Ұнды електен өткізіп, миксердің ыдысына салып, қамыр илейміз. Дайын болған қамырды 15-20 минутқа тындырып қоямыз.

2. Пияз бен жусайды тураймыз

Пияз бен жусайды тураймыз. Скриншот
Пияз бен жусайды тураймыз. Скриншот: YouTube/ Gulzhannat Nurusheva

Жусай, аскөк және жасыл пиязды тураймыз. Егер шпинатты ұнатсаңыз, кутубаның салмасына шпинатты қолдансаңыз да болады.

3. Қамырды жаямыз

Қамырды жаямыз. Скриншот
Қамырды жаямыз. Скриншот: YouTube/ Gulzhannat Nurusheva

Тынып тұрған қамырды алдымен бірнеше бөліктерге бөлеміз. Сосын әр бөлікті жұқа етіп, дөңгелек пішінде жаямыз.

4. Күлшелерге салмасын саламыз

Жайылған қамырға салмасын саламыз. Скриншот
Жайылған қамырға салмасын саламыз. Скриншот: YouTube/ Gulzhannat Nurusheva

Жайылған дөңгелек пішіндегі қамырға салмасын саламыз. Салмасына дәміне қарай тұз бен ерітілген сары майды салуды ұмытпаңыз. Сонда салма сөлін бөліп, дәмді болып шығады.

5. Күлшелерді пісіреміз

Күлшелерді пісіреміз. Скриншот
Күлшелерді пісіреміз. Скриншот: YouTube/ Gulzhannat Nurusheva

Кутабы күлшелерін қызып тұрған табаға салып, әр жағын 3-4 минут табада ұстап, екі жақ беті қызарғанша пісіріп аламыз. Піскен кутабы күлшелерін тәрелкеге салып, бетіне сары май жағамыз. Осылайша, дастарханға ұсынамыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2105163-zhusai-qosylgan-kulshe-nan-gulzhanat-nurysheva-azirbaizhan-tagamynyng-retsebin-usyndy/