"Қара қыз" торты: Гүлжанат Нұрышевадан ерекше рецепт
Жарияланған күні:
"Қара қыз" тортын үйдегі бар заттармен, оңай әрі тез дайындауға болады. Дәмі тіл үйіретін десерттің рецебімен бүгінгі материалда таныс бола аласыздар.
"Қара қыз" тортының ең дәмді әрі оңай рецебімен белгілі фудблогер Гүлжанат Нұрышева таныстырады. Блогердің YouTube арнасына өзге де дәмді тағамдардың рецебімен таныс бола аласыздар.
Сипаттамасы
Асхана: Еуропа
Санаты: десерт
Дайындалу уақыты: 10 минут
Дайын болу уақыты: 30 минут
Құрамы
Ұн - 300 г
Какао - 60 г
Тұз - 1 шай қасық
Қант - 250 г
Cары май - 50 г
Өсімдік майы - 50 мл
Жұмыртқа - 3 дана
Қопсытқыш - 10 г
Cүт - 300 мл
Дайындалуы
1. Құрғақ ингридиенттерді араластырамыз
Алдымен ұнды електен өткіземіз. Сосын какао ұнтағы мен қантты салып, барлығын жақсылап араластырамыз.
2. Жұмыртқа мен сары майды араластырамыз
Бөлек ыдысқа сары майды саламыз, сосын үстінен жұмыртқаны қосамыз. Барлығын миксермен жақсылап араластырамыз. Сосын сүт құйып, тағы да араластырамыз.
3. Массаға құрғақ ингридиенттерді саламыз
Жұмсақ массаға құрғақ ингридиенттерді қосып, бәрін жақсылап араластырамыз.
4. Қара қыз тортын пісіреміз
Дайын болған қамырды формаға құямыз. Сосын 180 градуста, алдын ала қызып тұрған пешке салып, 35 минут пісіреміз.
5. Құймасын дайындаймыз
Құймасын дайындау үшін, ыстық сүтке қант пен какое ұнтағын салып, жақсылап араластырамыз. Сүт міндетті түрде ыстық болуы тиіс, сонда қант еріп, тәтті болып шығады. Дайын болған тортты алып, ыстық күйінде үстіне құйманы құйып, 20-25 минутқа құйма сіңуі үшін қойып қоямыз. Сонда торт жұмсақ әрі ылғалды болып шығады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2113425-qara-qyz-torty-gulzhanat-nuryshevadan-erekshe-retsept/