Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құлпынай бәліші: жазғы жидектен десерт жасап көріңіз

Опубликовано:

Құлпынай бәліші. Скриншот
Құлпынай бәліші. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Жаз келіп, жеміс-жидектер пісе бастаған кезде жақындарыңызға құлпынай бәлішін пісіріп берсеңіз болады. Дәмі тіл үйірер десерттің рецебімен бүгінгі материалдан таныс бола аласыздар.

Құлпынай бәлішін жасау жолы оңай әрі көп уақытты талап етпейді. Дәмді десерттің рецебімен танымал фудблогер Гүлжанат Нұрышева таныстырады.

Сипаттамасы

Асхана: Еуропа

Санаты: десерт

Дайындалу уақыты: 10 минут

Дайын болу уақыты: 30 минут

Құрамы

Ұн - 170 г

Қант - 2 ас қасық

Тұз - шым-шым

Қопсытқыш - 1 шай қасық

Сары май - 70 г

Қаймақ - 70 г

Құлпынай - 400 г

Қант - 120 г

Жұмыртқа - 1 дана

Ұн - 2 ас қасық

Қаймақ - 200 г

Дайындалуы

1. Қант пен сары майды араластырамыз

Сары май мен қантты араластырамыз. Скриншот
Сары май мен қантты араластырамыз. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Миксерге жұмсақтығы орташа сары майды саламыз. Үстінен қантты себеміз. Екеуін жақсылап араластырамыз.

2. Үгітілмелі қамыр дайындаймыз

Үгітілмелі қамыр дайындаймыз. Скриншот
Үгітілмелі қамыр дайындаймыз. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Жұмсақ массаға қаймақты қосамыз. Қайтадан араластырамыз. Сосын ұнды електен өткізіп, оған қопсытқышты қосамыз. Араласқан ұнды жұмсақ массаға салып, үгітілмелі, жұмсақ қамыр дайындаймыз.

3. Қамырды жайып, формаға саламыз

Қамырды жайып, формаға саламыз. Скриншот
Қамырды жайып, формаға саламыз. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Дайын қамырды алдымен оқтаумен жайып аламыз. Сосын пішінге салып, қолмен тағы да жайып шығамыз.

4. Салмасын дайындаймыз

Салмасын дайындаймыз. Скриншот
Салмасын дайындаймыз. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Шұңғыл ыдысқа жұмыртқа мен қантты саламыз. Екеуін қант ерігенше жақсылап араластырамыз. Үстінен қаймақ қосамыз. Сосын жүгері крахмалын қосып, венчик немесе силиконды күрекшемен жақсылап араластырамыз. Соңында құлпынайда жұқалау қылып турап, саламыз.

5. Қамырға салмасын салып, пісіреміз

Бәлішті пісіреміз. Скриншот
Бәлішті пісіреміз. Скриншот: YouTube/Gulzhannat Nurusheva

Қамыры бар формаға алдымен құлпынайды саламыз. Айта кетерлігі, құлпынайды кез келген жидекпен алмастырсаңыз болады. Сосын қаймақ массасын салып, алдын ала қызып тұрған пешке 180 градусқа қойып, 30-35 минутта пісіріп аламыз. Осылайша, құлпынай бәліші дайын болып шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2124576-qulpynai-balishi-zhazgy-zhidekten-desert-zhasap-koringiz/