Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәмді әрі нәрлі кәуәп: Нұрзина Серікбаевадан етті ерекше маринадтаудың құпиясы

Жарияланған күні:

Маринадталған кәуап таяқшалары. Көрнекі сурет
Маринадталған кәуап таяқшалары. Көрнекі сурет: pixabay.com

Кәуапты даярлаудын бұрын оның маринадына ерекше көңіл бөлген жөн. Осыған орай, бүгін сіздермен кәуапты маринадтың ерекше әдісімен бөлісетін боламыз.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Нұрзина Серікбаева кәуәпті ерекше маринадтау әдісін ұсынады, оған сиыр немесе қой еті, құйрық май және түрлі дәмдеуіштер қолданылады.
  • Маринад үшін қызанақ, киви және пияз блендерде араластырылып, оған дәмдеуіштер мен сұйық май қосылады.
  • Ет маринадқа салынып, бір түн тоңазытқышта сақталады, ал құйрық май пісірер алдында 20 минутқа қосылады, содан кейін кәуәп таяқшаларға тізіліп, отта пісіріледі.

Кәуәп - Кавказ халықтарының ең сүйікті тағамдарының бірі. Маринады ерекше даярланатын кәуаптың рецебімен бүгін сіздерді фкдблогер Нұрзина Серікбаева таныстырады.

Сипаттамасы

Асхана: Кавказ елдері

Санаты: басты тағам

Дайындалу уақыты: 15 минут

Дайын болу уақыты: 25-30 минут

Құрамы

Сиыр еті - 2 кг 700 г

Құйрық май - 300 г

Тұз - 25 г

Қара бұрыш - 5 г

Кристалды тұз - 12 г

Кориандр - 5 г

Кәуәпқа арналған дәмдеуіш - 40 г

Киви - 100 г

Пияз - 250 г

Қызанақ - 200 г

Сұйық май - 100 г

Дайындалуы

1. Кәуап етін ірілеу етіп тураймыз

Кәуәп етін тураймыз. Көрнекі сурет
Кәуәп етін тураймыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Кәуап үшін сиыр немесе қой етін пайдалансаңыздар болады. Ол үшін етті ірілеу етіп турап, онымен бірге құйрық майды да дайындап қоясыздар. Құйрық майды кәуәпті пісірердің алдында 20 минут бұрын маринадтауға қойсаңыздар болады.

2. Маринадтың көкөністерін дайындаймыз

Маринадқа қажет көкөністерді дайындаймыз. Көрнекі сурет
Маринадқа қажет көкөністерді дайындаймыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Маринадқа қажет қызанақ, киви және пияздың қабығын аршып, турап дайындап қоямыз. Сосын үшеуін блендерге саламыз.

3. Дәмдеуіштер мен сұйық май қосамыз

Cұйық май мен дәмдеуіштерді қосамыз. Көрнекі сурет
Cұйық май мен дәмдеуіштерді қосамыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Көкөністердің үстінен дәмдеуіштер мен сұйық майды қосамыз. Дәмдеуіштердің мөлшерін өз қалауызша өзгертуге болады. Барлығын блендермен жақсылап араластырып, сұйық консистенцияға айналдырамыз.

4. Етті маринадтаймыз

Етті маринадтаймыз. Көрнекі сурет
Етті маринадтаймыз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Дайын болған маринадты етке қосамыз. Барлығын жақсылап араластырамыз. Сосын кәуәп етін үш сағат бөлме температурасында сақтаймыз. Кейін тоңазытқышқа бір түнге, маринад әбден сіңу үшін салып қоямыз. Құйрық майды тек пісірердің алдында 20 минутқа осы маринадқа саламыз. Ол жұмсақ болғандықтан, маринад тез сіңетін болады.

5. Кәуәп етін таяқшаларға тіземіз

Кәуәп етін таяқшаларға тіземіз. Көрнекі сурет
Кәуәп етін таяқшаларға тіземіз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Бір түннен кейін, маринадталған етті таяқшаларға тіземіз. Маринадқа құйрық майды қосуды ұмытпайпыз. Кәуәп етін қалауыңызша қатқан нан ұнтақтарына аунатып алсаңыз болады.

6. Кәуәпті пісіреміз

Кәуәпті пісіреміз. Көрнекі сурет
Кәуәпті пісіреміз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Кәуәпті отқа апарып, еті әбден жұмсарғанша, бабымен пісіреміз. Дәл осындай маринад кез келген етті жұмсақ әрі нәрлі етіп шығарады. Дайын кәуәпті дастарханға пиязбен бірге ұсынсаңыз болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2152887-damdi-ari-narli-kauap-nurzina-serikbaevadan-etti-erekshe-marinadtaudyng-qupiiasy/