Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Махаббат туралы үздік түрік телехикаяларының топтамасы

Жарияланған күні:

Читать на русском
"Есігімді қақ" телехикаясынан үзінді
Ханде Эрчел, Керем Бүрсін. Видеодан кадр: youtube.com/nowtvturkiye

Түріктің романтикалық телехикаялары көрерменді алғашқы минуттардан-ақ баурап алады. Танымал жобаларды IMDb және Best Like ұсынады.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Мақалада таңдаулы түрік махаббат телехикаялары туралы ақпарат берілген, олардың ішінде "Бозторғай", "Өшпес махаббат", "Ерте сайрайтын құс" сияқты танымал туындылар бар.
  • Әр телехикая туралы қысқаша мазмұны, басты кейіпкерлері, режиссерлері және алған марапаттары туралы мәліметтер келтірілген.
  • Мақалада түрік телехикаяларының тартымдылығы олардың қызықты сюжеттері, ұлттық нақышы, харизматикалық кейіпкерлері және талантты актерлерінің арқасында екені атап өтілген.

"Бозторғай" (2013–2014) – Calikusu

Махаббат пен құмарлық тақырыбында түсірілген түрік телехикаяларының ішінде "Бозторғайды" ерекше атап өтуге болады. Бұл телехикаяны қазақ көрермендері де жоғары бағалады.

Бұл телехикая Life Style Asia журналының үздік телехикаялар тізіміне енген. Решат Нури Гүнтекин романының негізінде түсірілген телехикаяда басты рөлді сомдаған актриса ELLE Style Award және Turkey Youth Award сыйлықтарын иеленді.

Басты рөлдерді ойнағандар:

  • Фахрие Эвджен Өзчивит;
  • Бурак Өзчивит;
  • Мехмет Өзгүр.

Телекихаяда Фериде мен Кемранның махаббаты баяндалған. Бала кезінде алғырлығы мен ерке қылығы үшін "бозторғай" атанып кеткен Фериде Бесиме әпкесі мен оның күйеуі Сейфеттиннің қамқорлығында болады. Қыз олардың ұлы Кемранға ғашық болып қалады. Бақытқа жету жолында қыз көптеген сынаққа тап болады.

Түрік киносыншысы Тахир Динч фильмді әлемдік телевиязия тарихындағы ең үздік драмалық сериал деп атаған.

"Өшпес махаббат" (2015–2017) – Kara Sevda

Телехикаяны Хилал Сарал мен Экин Пандир түсірген. Оның IMDb рейтингі – 7,4. Бұл телехикая түрік телевизиясы тарихында алғаш рет халықаралық "Эмми" сыйлығын жеңіп алды, Seoul International Drama Awards-та арнайы сыйлықпен мараптталса, Kemal Sunal Culture and Art Award-та екі арнайы сыйлық ұтып алған.

Рөлдерде:

  • Бурак Өзчивит;
  • Неслихан Атагүл;
  • Каан Урганджиоглу ойнаған.

Нихан бизнесменнің қызы, ал Кемал шаштараздың ұлы болады. Әртүрлі әлеуметтік орта кейіпкерлердің бір-біріне ғашық болуына кедергі болмағанымен, олардың бақытты болуына ата-аналары мен достары кедергі келтіреді. Ғашықтардың оларға қарсы тұрып, бақытты болуға күші жете ме?

Киносыншы Мұхаммед Асад телехикаяның қызық және шытырман оқиғалы сюжеттік желісін, кейіпкерлерді жоғары бағалап, көрермендер де мұны жоғары бағалайтынын атап өтеді.

"Ерте сайрайтын құс" (2018–2019) – Erkenci Kuş

Телехикаяны режиссерлер Чагры Байрақ пен Айтач Чичек түсірген. Жоба екі Murex d'Or жүлдесін, үш Golden Butterfly Award сыйлығын және төрт Turkey Youth Award сыйлығын жеңіп алған. Оның IMDb рейтингі – 7,3.

Басты рөлдегі актерлер:

  • Демет Оздемир;
  • Джан Яман;
  • Өзнұр Серчелер.

Жас әрі арманшыл Санем Айдын зейнеткер Азиз Дивиттің ұлы Джан басқаратын жарнама агенттігіне жұмысқа орналасады. Оның кеңсеге келуі Джан мен агенттікте бухгалтер боп жұмыс істейтін інісі Эмренің өмірін түбегейлі өзгертеді.

Hollywood Gossip сайты телехикаяның кинематографиясы өте жақсы екенін, сюжеті еліктіріп әкететінін және актерлер де өте сәтті таңдалғанын жазады.

"Сен барлық жердесің" (2019) – Her yerde sen

Комедиялық элементтері бар мелодраманы режиссерлер Эндер Михлар мен Волкан Өзгүмүш түсірен. Телехикаяның IMDb-дегі ретингі – 7,1. Осы телехикаяның арқасында шығармашылық топ төрт номинацияны, ал басты рөлді ойнаған актриса Golden Butterfly Award сыйлығын жеңіп алған.

Рөлдерде:

  • Фуркан Андыч;
  • Айбүке Пусат;
  • Әли Яджи.

Демир алаяқтың құрбаны болғанын көшіп бармақ болған үйді Селин деген қыздың да жалдағаны белгілі болғанда түсінеді. Жастар жанжалдасып қалады, ешқайсысы үйден бас тартқысы келмейді. Ешқандай шешім қабылдамай, екеуі де жұмысына кетеді, Демир Селиннің жаңа бастығы болып шығады.

Turkish Gazette газетінде жарық көрген шолуда соңғы эпизодтан кейін де телехикая көрермен ойнынан кетпей жүретінін жазады.

"Есігімді қақ" (2020–2021) – Sen Çal Kapımı

Комедиялық элементтері бар бұл романтикалық жоба фильмдер мен телехикаяларды таңдау бойынша Best Similar тізімінде бірінші орынға шыққан. Оны режиссерлер Алтан Дөнмез, Эндер Михлар және Юсуф Пирхасан түсірген. IMDb рейтингі 7,3 болатын телехикая екі Golden Butterfly Award жүлдесін, үш Turkey Youth Award және екі PRODU Award сыйлығын жеңіп алды.

Рөлдерде:

  • Ханде Эрчел;
  • Керем Бүрсін;
  • Эврим Доан.

Италияға саяхаттау үшін Art Life сәулеттік бюросының шәкіртақысын ала алмаған Эда сүйіктісін қайтарып алуға тырысып жүрген бюро иесі, жас сәулетші Серкан Болаттан кек алмақ болады. Серкан Болат қызғаныш тудыру үшін Эданы сүйіктісі болып көрінуге көндіреді. Осы жақсылығының орнына Серкан оны Италияға жіберуге уәде береді. Ал Эда оған шын ғашық болып қалады.

"Махаббат, ақыл, кек" (2021–2022) – Aşk Mantık İntikam

Комедиялық элементтері бар мелодраманың режиссерлері – Мұрат Өзтүрк пен Корай Керимоғұ. Олардың жұмысы "Үздік комедиялық телехикая" номинациясында Golden Butterfly Award сыйлығымен марапатталды. "Тұрмыс құрмаған әйелдің айласы" (2014) атты корей драмасы негізінде түсірілген фильмнің IMDb-дегі рейтингі – 6,7.

Рөлдерде:

  • Буржу Өзберк;
  • Илхан Шен;
  • Мехмет Корхан Фырат.

Эзра мен Озан ажырасқаннан кейін бірнеше жылдан кейін кездеседі. Озан үлкен компанияның иесі атанған, ал Эзра оның қарамағындағы қызметкер. Эзра Озанды қалай да өзіне қайтарып алмақ болады.

"Күл туралы хикая" (2024) – Kül Masalı

Махаббат туралы қысқа түрік телехикаясын көргіңіз келсе, 10 бөлімнен тұратын "Күл туралы хикая" фильмін көруге кеңес береміз. Ол 2024 жылы шыққан түрік жобаларының ішінде IMDb бойынша ең танымалы болды. Оның режиссері – Метин Балекоғлұ. Сериал IMDb бойынша 6,2 рейтингіне ие.

Рөлдерде ойнағандар:

  • Гөкхан Алкан;
  • Севда Эргинчи;
  • Башақ Гүмүлжинелиоғлы.

Беделді мейрамханада аспаздық мансабы өте сәтті өсіп келе жатқан Озге бірде ауқатты отбасынан шыққан жігітті кездестіреді. Екеуі бір-біріне сүйіп қосылады, бірақ үйлену тойынан кейін қиындықтар басталды. Өзге күйеуінің үйіне келген соң шытырман оқиға мен өсектің құрбанына айналып, бірнеше жағымсыз құпияның беті ашылады.

Түркияның GZT басылымы басты рөлді сомдаған актриса Севда Эргинчиге сілтеме жасап, телехикаяда Күлтеқыз туралы заманауи хикая баяндалғанын және барлық кейіпкер шынайы шыққанын жазады.

Махаббат туралы түрік телехикаялараның сюжеттері көреременді бірден баурап алады. Телехикаялар қызық және әсерлі, ұлттық нақышқа және харизматикалық кейіпкерлерге толы әрі талантты актерлер рөлін сендіріп ойнаған. Түрік телехикаялары сонысымен тартымды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2155608-mahabbat-turaly-uzdik-turik-telehikaialarynyng-toptamasy/