Қара өрік тосабы: Риза Нұрланқызынан ерекше джемнің рецебі
Жарияланған күні:
Күз маусымы - тосап пен компот жабу кезеңі. Ендеше назарларыңызға үй жағдайында оңай әрі тез дайындалатын қара өрік тосабының рецебін ұсынамыз.
- Риза Нұрланқызы ұсынған қара өрік тосабының рецепті үй жағдайында оңай әрі тез дайындалатын десерт ретінде ұсынылады.
- Тосап дайындау үшін қара өрік, қант және су қолданылады, өрікті езіп, қантпен қайнату арқылы жасалады.
- Рецепт бойынша тосапты дайындау, банкаларға құю және сақтау процесі егжей-тегжейлі түсіндіріледі.
Қара өрік тосабы - жақындарыңыз сүйіп жейтін джемнің біріне айналуы мүмкін. Ол үшін танымал фудблогер Риза Нұрланқызы ұсынған ерекше рецептпен таныс болыңыздар. Блогер өзінің YouTube арнасында осы сияқты өзге де түрлі тағамдардың жасалу жолымен таныстырады.
Сипаттамасы
Асхана: Еуропа
Санаты: десерт
Дайындалу уақыты: 30 минут
Дайын болу уақыты: 5 минут
Құрамы
Қара өрік - 5 кг
Қант - 1-1,5 кг
Су - қалауыңызша
Дайындалуы
1. Қара өрікті жуып, сүйегінен тазартамыз
Қара өрікті жуып, екіге бөліп, ортасында сүйекті алып тастаймыз. Қалған екі бөлікті тағы да турап, миксерге саламыз.
2. Өрікті баяу отқа қоямыз
Өрікті кастрюльге салып, баяу отқа қоямыз. Қайнаған соң, араластырып, шырынын шыққанан күтеміз. Осылайша, 30-35 минут қайнатамыз. Егер қара өріктен тосап жасасаңыз, онда жеміс езіліп кетпес үшін, оны жиі араластырмаған абзал. Ал, егер джем дайындайтын болсаңыз, онда кастрюльдің бетін ашып, судың азайғаны дұрыс. Шырыны шыққан соң, өрікті тағы 10-15 минут қайнатамыз.
3. Қара өрікті блендермен еземіз
Блендерді кастрюльге салып, қара өрікті толықтай езіп, пюре тәрізді консистенцияға дейін жеткіземіз. Тосаптың арасында қара өріктің қабығы болмағанын қаласаңыз, тосапты електен өткізіп аламыз.
4. Қант қосамыз
Електен өткізілген өрікті қайтадан кастрюльге құйып, отқа қоямыз. Үстінен қант қосып, араластырамыз. Тосапқа қантты дәміне, қалауыңызға қарай қоссаңыз болады. Джемнің беті бүлк етіп қайнағаннан кейін, 30-35 минуттай қайнатамыз. Тосап бетіндегі көбікті алуға ұмытпаймыз. Тосапты тоңазытқышқа қоямыз. Егер джем әлі де сұйық болса, отқа тағы да қойып, 5-7 минут қайнатып аламыз.
5. Тосапқа қажет банкаларды дайындаймыз
Тосап қайнап жатқан кезде, банкаларды жуып, тордың үстіне қойып, суын сорғытамыз. Сосын салқын күйінде духовкаға салып, 200 градусқа 15 минутқа қоямыз. Банканың қақпақтарын қайнаған суға салып, дайындап аламыз.
6. Тосапты банкаларға құямыз
Қайнаған тосапты жылы банкаларға құйып, бетін қақпақпен мықтап жабамыз. Банкаларды төңкеріп, суығанша, ертеңге дейін қойып қоямыз. Тосапты салқын, қараңғы жерде шығарып, сақтаймыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2178890-qara-orik-tosaby-riza-nurlanqyzynan-erekshe-dzhemning-retsebi/