Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлік, қайсарлық, даналық: Томирис есімінің мағынасы қандай

Жарияланған күні:

Томирис ханша
Томирис патшайымның бейнесі. Көрнекі сурет: webtekno.com

Томирис әлемге танымал патшайымның есімі. Томирис — ерлік, қайсарлық, даналық және өз еліне деген сүйіспеншіліктің символы болып саналатын есім. Бұл мақалада Томирис есімінің мағынасы мен тарихи мәні және бүгінгі қоғамдағы орны туралы айтамыз.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Томирис есімі көне сақтар патшайымының атымен байланысты және оның мағынасы "ержүрек", "темір" немесе "үстемдік" деп түсіндіріледі.
  • Томирис - б.з.д. VI ғасырда өмір сүрген, массагет тайпасын басқарған және парсы патшасы Кирді жеңген батыр патшайым.
  • Қазіргі қазақ қоғамында Томирис есімі батырлық пен ерліктің символы ретінде қыз балаларға қойылады және ұлтжандылық пен патриотизмді насихаттайды.

Томирис есімінің мағынасы

Томирис есімі — көне сақтардың тарихынан шыққан есімдердің бірі. Ол "Томирис" деп аталатын патшайымның есімімен байланысты. Томирис — сақтардың массагет тайпасының патшайымы болған, ол өзінің батылдығымен, мемлекетшілдігімен және ерліктерімен тарихта қалды. Томиристің аты әртүрлі тарихи жазбаларда кездеседі, оның ішінде грек тарихшысы Геродоттың шығармаларында да кездеседі. Геродот Томирис туралы өз еңбектерінде оның ерлікке толы өмірін, жауынгерлік қасиеттерін және стратегиялық шеберлігін жазған.

Томирис есімінің мағынасы туралы нақты деректер болмаса да, көптеген зерттеушілер оның атын патшайымның жауынгерлік қабілеттері мен тарихи рөлімен байланыстырады. Томирис есімі көптеген мәдениетте батырлық пен жетекшіліктің символы ретінде қабылданады.

Томирис есімінің мағынасы қандай? Бұл есімнің тағы бір нұсқасы бойынша Томирис түрік тілінен аударғанда "темір" дегенді білдіреді және "темірді талқанда" немесе "темірді майыстыр" деген мағынаны білдіреді деп есептейді. Бұл тұрғыда Томирис есімі түріктің Дамира есіміне ұқсас. Сондай-ақ Томирис Тамара есіміне де ұқсас келеді. Тарихта Багратиондар әулетінен шыққан грузин патшайымы Тамара бар. Үшінші нұсқада "Томирис" "Тахмина" есімінен пайда болуы мүмкін, бұл өзбек және қазақтарда "үстемдік" деген мағынаға ие.

Томиристің есіміне қатысты бірнеше нұсқа бар. Есімнің ирандық, грекиялық және түркілік талдауы келтіріледі.

Грекше Τόμυρίς, парсыша Tahm-Rayiš көне иран тілінен аударғанда Tahmirih "Ержүрек" деген мағынан береді.

Әйгілі Томирис патшайым жайлы

Томирис — әлем тарихындағы ерлігімен танылған әйел тұлғалардың бірі. Ол Сақ тайпасының патшайымы ретінде б.з.д. VI ғасырда өмір сүрген. Оның басқару кезеңі кезінде сақтар парсыларға қарсы күрес жүргізіп, олардың әскери күштерін жеңіп шыққан. Тарихи деректерге сүйенсек, Кир патша Мысыр жорығын кейінге қалдырып, империясының шығыс шекараларын қорғауға шешім қабылдайды. Өйткені шексіз далада сақтар өмір сүретін. Дала халқы үлкен әскери күшке ие болды, олардың қозғалыстары алдын ала болжауға келмейтін еді, сондықтан олар кез келген уақытта парсылар жаулап алған Орта Азия өңірлеріне шабуыл жасауы мүмкін еді. Б.з.д. 530 жылы Кир Ұлы өз үлкен әскерімен шығысқа аттанды.

Бұл кезде массагеттерді Томирис патшайым басқарған. Ол массагет тайпаларының көсемі болған Спаргапистің қызы еді. Көшбасшының өлімінен кейін оның жалғыз баласы ретінде Томирис билікке келді, бірақ әйелдің билігіне қарсы болған көптеген тайпа көсемдері оны тақтан құлатуға тырысты. Томирис жастық шағын массагеттерді басқаруға, олардың құқығын қорғауға арнады және оны батылдығымен, әскери ерліктерімен және өз халқына деген адалдығымен дәлелдеді.

Томиристің ең әйгілі шайқасы — парсы патшасы Кирдің арасындағы соғыс. Тарихи деректерді негізге алсақ, Томирис Кирді жеңіп, оның басын алып, "Мен сенің қанын ішіп, кегімді алдым!" деп айтқан. Бұл оқиға Томирис есімін даңққа бөлеп, оның ерлігін күллі әлемге әйгілі етті. Қазақ халқы Томирис есімін Тұмар деп те атайды.

Томирис патшайымның қолбасшылығы, хас батырлығы мен теңдессіз әскери стратегиясы оны сол заманның ұлы тұлғаларының қатарына қосты. Осылайша Томирис есімі тек жеке тұлғаның атын ғана емес, бүтін бір елдің еркіндік үшін күресінің символын білдіреді.

Томирис есімі адамгершілігі жоғары және намысшыл тұлғаның бейнесін сипаттайды. Ежелгі патшайымның есімі бүгінгі күні де өзінің ерекше маңыздылығын сақтап келеді. Оның келбеті, жүрісі, сөйлеуі, іс-әрекеті барлығы оның бойында "Мен өз мақсатыма жетемін, себебі мен патшайыммын" деген сенімділік пен күш-жігерді көрсететіндей болады. Бұл есім қазіргі кезде де күшті, батыл және өзіне сенімді әйелдерге арналған символға айналған.

Томирис патшайым
Сақ патшайымы - Томирис. Көрнекі сурет: ntv.com.tr

Томирис есімінің мәдени аспектілері

Қазақ халқында Томирис есімі әйелдің батыл, ержүрек, көшбасшы қасиеттерін сипаттайтын есім ретінде танылған. Оның тарихы мен ерліктері қазақтың ұлттық санасында зор ықпал қалдырған. Сонымен қатар, бұл есім қазіргі таңда балаларға қойылған есімдердің бірі болып табылады, себебі ата-аналар өз балаларына осындай батыл әрі ержүрек тұлғалардың есімін беру арқылы оларды өмірде тек қайсар, ұлтжанды және батыл болуға тәрбиелейді.

Томирис есімі әлі күнге дейін көптеген елдерде белгілі, әсіресе түркі әлемінде, ол ерлік пен ұлттық мақтаныштың символы ретінде саналады. Сонымен қатар, тарихта орын алған Томирис сияқты тұлғалар жаңа ұрпаққа мақтаныш пен рухани күш береді, бұл есімді таңдау мәдени маңызы мен әлеуметтік контексте де маңызды екенін көрсетеді.

Қазіргі қазақ қоғамында Томирис есімі әрдайым батырлық пен ерлікпен байланыстырылады. Бұл есімді көптеген қыз балаларға қойып, оларды тарихи тұлғаға еліктіріп, оларға ержүрек болуды, өзінің ұлтын сүюді және әр түрлі қиындыққа қарсы тұруды үйретеді. Томирис есімі бүгінгі таңда өзінің түпнұсқалық мәнін сақтап, жаңа ұрпаққа рухани күш беретін мағынаға ие болып отыр.

Томирис есімі — тек тарихи тұлғаның аты ғана емес, ол қазақ халқы мен бүкіл түркі әлемі үшін маңызды мәнге ие. Оның есімі батырлық, ерлік, әйелдер күшінің символы болып қала береді. Қазіргі қоғамда да қыз балаларға Томирис есімі қойылғанда оның тарихтағы ерлігін еске ала отырып, жастарға патриотизм мен ұлтжандылық сезімдерін тәрбиелейтін құндылықтарды жеткізеді. Сондықтан Томирис есімінің мағынасы тек өткен ғасырдағы тарихпен шектелмей, қазіргі өмірде де өзінің терең мәнін сақтап келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2188707-erlik-qaisarlyq-danalyq-tomiris-esimining-magynasy-qandai/