Top.Mail.Ru

Зектілері

"Қазақстан аруы - 2024" байқауының жеңімпазы анықталды (фото)

Жарияланған күні:

Қазақстан аруы
Қазақстан аруы. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматыда "Қазақстан аруы - 2024" байқауының жеңімпазы анықталды. Биыл тәж Бағым Балтабаеваға бұйырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елдің ең әдемі аруы атану үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен 20 қыз бақ сынады. Байқауға қатысуға 200 мыңнан астам қыз өтініш берген.

Қатысушылар
Қатысушылар. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Финалдық байқау Алматыдағы мейрамханалардың бірінде өткен. Іс-шара басталар алдында ғимаратта жарық сөніп қалған. Алайда бұл мәселе тез шешіліп, байқау жалғасты.

Қатысушылар
Қатысушылар. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қазылар алқасының құрамына ең бірінші Қазақстан аруы атанған Сәуле Рахметова, балерина Сабина Ыдырысова, дизайнер Айрат Надров, пластикалық хирург Ильяс Бейскенов, "Қазақстан аруы" ұлттық байқауының директоры Айжан Рузаева және қырғызстандық дизайнер Арзубек Вонама енген.

Қатысушылар
Қатысушылар. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Биыл байқаудың лозунгы The Art Of Being A Woman болған. Ол "Әйел болу – өнер" деген мағынаны білдіреді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстандағы сұлулық байқауы кез келген саладағы әйелдерді қолдауға бағытталған.

Қатысушылар алдымен дефиледе жүріп, көрермен мен қазылар алқасының жүрегін жаулады. Осыдан кейінгі кезеңге 10 ару өтті.

Қатысушылар
Қатысушылар. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Этнокостюм көрсетілімінен кейін сахнада бес қыз қалды. Олар интеллектуалдық сайыста білімін ортаға салды.

Қатысушылар
Қатысушылар. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Барлық сайыс қорытындысы бойынша финалға өткен қыздар арасында жеңімпаз анықталды.

Қатысушылар
Қатысушылар. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

"Мисс people choice-2024" – Іңкәр Бақтияр

Іңкәр Бақтияр
Іңкәр Бақтияр. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

"Вице-мисс Қазақстан-2024" – Айдана Абылқасова

Айдана Абылқасова
Айдана Абылқасова. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

"Жер аруы Қазақстан-2024" – Томирис Қадырхан

Томирис Қадырхан
Томирис Қадырхан. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

"Ғалам аруы Қазақстан-2024" – Дана Алмасова

Дана Алмасова
Дана Алмасова. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

"Қазақстан аруы-2024" жеңімпазы Бағым Балтабаева атанды.

Бағым Балтабаева
Бағым Балтабаева. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Жеңімпаз "Әлем аруы" байқауында Қазақстан намысын қорғайтын болады.

Бағым Балтабаева
Бағым Балтабаева. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Жеңімпаздар
Жеңімпаздар. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/2196852-qazaqstan-aruy-2024-baiqauynyng-zhengimpazy-anyqtaldy/