jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақ дизайнерінің сән туындылары Парижде көрсетілді (видео)

сән көрсетілімі
Сән көрсетілімі. Видеодан кадр: 24.kz

Қазақтың жас дизайнер қызы Әйгерім Алтынбаева сән туындаларын алғаш рет Парижде көрсетті. Іс-шара ғаламдық сән әлемінің көрнекті орны Ритц тарихи қонақ үйінде өтті, деп хабарлайды 24KZ.

Телеарнаның хабарлауынша, Әйгерім Лондондағы Ковентри университетін "Киім дизайнері" мамандығы бойынша бітірген. Оның дипломдық жұмысы Сингапурдегі халықаралық сайыста бірінші орынды жеңіп алған.

Әйгерім Алтынбаеваны Францияға Париж сән апталығы аясында шақырған. Көрсетілімге келгендер қазақ қызының шығармашылығын жоғары бағалап жатыр.

"Маған коллекция өте қатты ұнады. Өйткені одан нәзік сезім, бекзаттық, бибілерге тән биязылық байқалады. Дизайнер тарихи фильмдерді көп көрген секілді. Орта ғасырдың өр рухын сезінесің. Қосетекті, алтын нақышты киімдері көп", - дейді модель Мелисса Дукуре.

Қазақ дизайнерінің сән туындылары Парижде көрсетілді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.