jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Оралдағы ең сұлу қыздың есімі белгілі болды

Оралдағы ең сұлу қыз
Мадина Батырова. Фото:: Александра Логашкина/mgorod.kz

Оралда Miss сұлулық байқауының жеңімпазы анықталды. Педагогикалық университеттің 19 жастағы 3-курс студенті Мадина Батырова Miss Jaiyq 2026 атағын иеленді, деп хабарлайды "Мой город".

Орал қаласындағы Тұңғыш президент алаңында Miss Jaiyq 2026 өңірлік сұлулық байқауы өтті.

Бас жүлде үшін жеті үміткер бақ сынады. Нәтижесінде 19 жастағы Мадина Батырова Miss Jaiyq 2026 жеңімпазы атанды. Оған бас тәж бен 1 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық бұйырды. Сондай-ақ Мадина Орал қаласының атынан Miss Qazaqstan республикалық байқауына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Мадина – педагогикалық университеттің 3-курс студенті. Ол "бастауыш сынып мұғалімі" мамандығы бойынша білім алуда. Бойжеткен кәсіби модельмен айналысады, модельдік мектепте оқытушы болып жұмыс істейді және түрлі жобаны ілгерілетуге атсалысады.

Ол жаңа білім алуды және түрлі бағытта дамуды ұнатады. Өзін алға ұмтылғыш, елмен тез тіл табысқыш және мақсатына берік жан деп сипаттайды.

Miss Jaiyq 2026 байқауының бірінші вице-мисс атағы 16 жастағы Айжан Аманжолқызына бұйырды. Ол бимен, модельдік өнермен, журналистикамен және спортпен айналысады.

Бойжеткен шығармашылық және спорттық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы мен жүлдегері атанған. Сонымен қатар ол жеке ансамблін құрды. Айжанның басты мақсаты – сұлулық пен ақыл-ой, талант және мінез күші үйлесім тапқан жан-жақты тұлға болу.

Miss Jaiyq 2026 байқауының екінші вице-мисс атағын 17 жастағы Диана Макисова иеленді. Ол 14 жасынан бастап кәсіби модель. Бойжеткен Бангкок, Сеул, Гонконг қалаларында, сондай-ақ Қытайдың Ханчжоу және Шанхай қалаларында жұмыс істеген. Ол ағылшын және орыс тілдерін еркін меңгерген.

Бала кезінде балетпен, каратэмен және үлкен тенниспен шұғылданған. Қазіргі таңда стрейчинг, жүгіру және жаяу серуендеумен әуестенеді. Диана "Әлем аруы" атанып, әлемдік деңгейдегі супермодель болуды армандайды.

Оралдағы ең сұлу қыздың есімі белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram