"Қазақ аруы – 2026" байқауының жеңімпазы анықталды (видео)
Жарияланған күні:

Алматылық Асылым Өтепберген "Қазақ аруы – 2026" байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Байқау 3 қарашада тікелей эфирде көрсетілді. Асылымға 17 164 көрермен дауыс берген.
Байқау қорытындысы бойынша екінші орынға қостанайлық Әйгерім Қайпен ие болды. Ол 10 480 дауыс жинады. Ал үшінші орын 4 499 дауыс алған шымкенттік Сымбат Әбубәкірге бұйырды.
Айта кетейік, Асылым Өтепберген 20 жаста. Ол – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті. Сондай-ақ желіде белсенді блог жүргізеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/lady/2451762-qazaq-aruy-2026-baiqauynyng-zhengimpazy-anyqtaldy-video/