"Жіберем қалай?": Қазақ тіліндегі ең әдемі әрі романтикалық сарындағы сөздер
Жарияланған күні:

Қымбат сыйлық кез келген адамды қуантуы мүмкін, дегенмен бір ауыз сөздің орнын алмастыра алмайтыны анық. Себебі жақсы сөзге жүрегі елжіремейтін жан жоқ. Бұл жазбамызда қыз бен жігіт арасындағы романтикалық сарындағы сөздерді ұсынамыз.
Қыздарға қандай романтикалық хабарламалар жіберуге болады?
Сен менің жарық күнімсің, желпіп өткен самал желсің, әдемі жұлдызды аспансың Ғажайып бақсың, махаббаттың есігісің!
Менің қуанышымсың, жарқыраған жұлдызымсың, ең қымбат гауһарымсың! Жанымда жүргенің мені бұл дүниедегі ең бақытты жан етеді.
Айналада сұлу көп, бірақ мен үшін ең сұлу қыз сенсің. Ал сені тағдырым тарту еткен болу керек.
Ғаламның періштелері қайда деймін кейде. Көкте ме әлде жерде ме? Бірақ ең әдемі періштенің дәл қазір бұл хабарламаны оқып, жымиып отырғанын анық білемін.
Сондай сұлусың, тәттісің, тым нәзіксің! Сенің жаныңда болғым келеді! Сен менің өмірімді әлдеқайда жақсы еткен сәтті бойтұмарымсың!
Сенің күлкің - менің шексіз таңдана алатын әлемдегі ең әдемі қылық.
Сен мені шынайы және шексіз махаббатқа сендірдің.
Түні бойы менің түсімде енуден шаршамадың ба?
Жан серігімсің, өзіңсіз бұл әлемде жүруді елестете де алмаймын.
Әлемдегі ең жағымды дыбыс - сенің күлкің.
Хас сұлудың өзісің! Өйткені, сұлу болуға тырыспасаң да, өте керемет көрінесің.
Күн сайын таңғы асымызды бірге ішетін уақыт келді деп ойлаймын.
Менің махаббат әлеміме қош келдің!
Өзің барда кофеин сергектік бермейді.
Сен маған күн сайын жақсы адам болу мүмкіндігін бересің.
Менің сүйікті ісім мен хоббиім - өзіңмен бірге болу.
Сенің күлкің - бүкіл планетадағы ең әдемі күлкі.
Менің болашаққа арнап құрған барлық жоспарымда сенің бар екеніңді байқап жүрмін.
Сен менің бұған дейін Google, Yandex, Bing, Baidu, Yahoo және DuckDuckGo арқылы іздеген жақсы дүниелерім сияқтысың.
Өмірімдегі жетіспейтін элемент сияқтысың. Өзің келгелі айналам нұрланып, мағына мен бақытқа толды.

Дауысың ең әдемі симфония сияқты, ал әрбір сөзің балдан да тәтті.
Бойыңдағы бірегейлігің мен қарапайымдылығыңды жақсы көремін.
Ұйқысыраған, бояусыз тіпті ашулы түрің де сондай әдемі.
Сен менің мінез-құлқымның көркем болуы үшін көктен жіберілген періштесің.
Сендей жанды өмірге әкелгені үшін ата-анаңа алғыс айтқым келеді.
Менің барлық арманым өзіңмен байланысты.
Сен менің көптен бері іздеген нағыз қазынамсың.
Меніңше, біздің арамызда белгісіз бір химия бар сияқты.
Сенсіз өмір сынған қалам секілді. Сынық қаламның іске асуы екіталай.
Бір мезетте соншалықты сүйкімді әрі қылықты болу қалай қолыңнан келеді осы?
Мені бойыңдағы мейірімділігіңмен, нәзіктігіңмен, сезімталдығыңмен және сүйіспеншілігіңмен баурап алдың.
Ата-анаң қарақшы емес пе? Әйтпесе, олар мұндай қазынаны қайдан тауып алған?
Іштегі сезімімді сипаттауға қабілетім жетпейді. Бар айтарым: сені қатты жақсы көремін!
Кейде сезімді сөзбен жеткізу қиын, бірақ қарапайым сөздермен де ойыңызды айтуға болады. Ең бастысы жүректегі сырыңызды жасырмай, қарым-қатынасыңызды әрі қарай өрбіткеніңіз жөн.

Жігітке ұнайтын жылы сөз
Кейде аз ғана сөзбен адамның көңілін көкке көтеріп тастауға болады. Әсіресе жүрегіңіздің түкпірінен орын алған жанға айтылған бір ауыз жылы сөздің қанат бітіретіні анық. Ярына Джигиннің "Приятные слова любимому мужчине: топ 100 фраз, которые можно сказать или написать" мақаласында ең әдемі сөздер тізімі берілген. Жігіттерге қандай сөздер ұнайды?
- Жылы сөзіңмен мені әрқашан жігерлендіресің.
- Қиын уақытта мені қалай тыныштандыру керегін білесің.
- Өзіңнің мен үшін қаншалықты маңызды екеніңді білесің бе?
- Сенімен ешқашан іш пыспайды.
- Сен мына әлемді жақсы жақсылыққа толтырасың.
- Сенен жақын кімім бар?
- Өмірімде сен пайда болғалы менің әлемім әсем күйге енді.
- Бәлкім, сен біреулер үшін жай адам шығарсың, ал мен үшін бүкіл әлемсің!
- Бойыңдағы барлық қасиетің ұнайды, өйткені бұл - қайталанбайтын болмыс.
- Мені бар кемшілігіммен тек сен ғана қабылдай аласың.
- Сенің жымиғаның қалың мұзды ерітеді.
- Адамдардың бойындағы ең асыл мінездің бәрі сенде бар.
- Сен менің жақын досымсың, жанашырымсың.
- Сенімен әр күнім әдемі!
- Сенің қолыңнан бәрі келетініне сенемін!
- Мен сені мұңайған кезіңде де жақсы көремін.
- Мен сені мақтан тұтамын!
- Сен сондай мықтысың! Бірақ оны өзің байқамайсың.

Нағыз романтиктер айтатын сөздер
Кейбір сөздер әйгілі романдардан алынған дәйексөздер сияқты естілуі мүмкін. Дегенмен олардың арасынан да романтикалық сарындағы сөздерді алуға болады. "Подборка фраз для признания в любви на английском" деп аталатын жазбада ұсынылған мына сөздерді қымбат адамыңызға арнап айтыңыз немесе хабарлама түрінде жолдап көріңіз:
Сені сүю арқылы өмірді сүюді үйрендім.
Менің жүрегімнің кілтісің!
Енді өмірімнің қалған бөлігін сенімен бірге өткізуге асықпын.
Біз бір-бірімізді толықтырамыз.
Біз бір-біріміз үшін жаратылғанбыз.
Сен менің бойымдағы жақсы болуға деген ұмтылысты ояттың.
Махаббатым, мен сені жүрегіммен сүйемін. Маған уақыт бөлгенің үшін алғыс білдіремін. Өзіңді бағалаймын.
Сенімен өткізген уақыттың құнына ештеңе тең келмейді. Бірге болғанымызға қуанамын.
Менің ең жақсы естеліктерім сенімен байланысты, өйткені сен қанатсыз ұшуды да үйретуге дайынсың.
Сенімен кездесу - өмірімдегі ең құнды сыйлық.
Сенің жан-дүниеңде нәзіктік пен мейірім тоғысады.
Қолыңның жанасуы күн сәулесі іспетті.
Сенің үнің - менің сүйікті әуенім.
Мына өмірде болғаның қандай бақыт! Өйткені өзіңмен бірге менің жан-дүнием тыныштық табады.

Кез келген мәселенің түйінін сөз арқылы шешуге болады. Арадағы қарым-қатынасты да әдемі, әсерлі сөздер арқылы жақсарта түсесіз. Жақындарыңызға үнемі жылы сөз айтуды ұмытпаңыз, бұл сіз үшін сүйіктіңіздің қаншалықты маңызды екенін ұғындырады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/leisure/books/2024409-ziberem-qalai-qazaq-tilindegi-en-ademi-ari-romantikalyq-saryndagy-sozder/