Home Credit Bank қазақ тілінде қаржылық сауаттылық туралы кітапты ұсынды
Жарияланған күні:
Home Credit Bank оқырман қауымды "Ақшаның жиырма жеті қағидасы" атты қазақ тіліндегі қаржылық сауаттылық туралы кітаппен таныстырды. Кітаптың авторы – экономикалық тұрғыдан қазақстандық әйелдердің тәуелсіздігі тақырыбын ұзақ жылдар бойы зерттеп жүрген танымал қаржылық коуч және инфлюенсер Роза Аширбаева, деп хабарлайды Home Credit Bank баспасөз қызметі.
Бұл кітап – жеке қаржыны дұрыс басқарудың негізгі қағидаларын түсіндіретін практикалық әрі қолжетімді нұсқаулық. Онда бюджетті жоспарлау, ақша жинау, тәуекелдерді бағалау және қаржы құралдарын дұрыс пайдалану сияқты маңызды тақырыптар қозғалған. Бұл басылым қазақ тіліндегі кең аудиторияға арналған және қаржылық білімді күнделікті өмірде қолдануға көмектеседі.
Кітаптың авторы Роза Аширбаева Қазақстанда және ТМД елдерінде әйелдер аудиториясымен жүргізіп келе жатқан жұмысы арқылы кеңінен танымал. Медиа саласындағы танымал тұлға және қаржылық коуч ретінде ол әйелдердің қазіргі қажеттіліктерін жақсы түсінеді және оларды өзін-өзі дамытуға, экономикалық дербестікке және қаржылық қауіпсіздікке ұмтылуға ынталандырады. Оның әлеуметтік желілердегі жобалары адамдарға маңызды шешімдерді саналы түрде қабылдауға көмектесетін тиімді коммуникацияның үлгісіне айналды.
"Біз үшін пайдалы білімнің әрбір қазақстандыққа қолжетімді болуы маңызды. Кітапты қазақ тілінде шығару арқылы біз мемлекеттік тілде қаржылық білімнің сапалы дамуына үлес қосып, адамдарға қаржыны сенімді түрде басқаруға көмектесеміз. Бүгінгі таңда нарықта көптеген қаржылық өнім мен шешімдер бар. Қаржылық білімі жоқ адамдар үшін қажетті өнімді таңдау қиынға соғуы мүмкін. Бұл басылым оқырмандарға күнделікті қаржылық көмекші болатынына сенеміз", - деді Home Credit Bank басқарма төрағасы Кирил Бачваров.
"Ақшаның жиырма жеті қағидасы" ("27 правил обращения с деньгами") кітабының авторы Роза Аширбаева қаржылық сауаттылық әр адамға қажетті негізгі дағды деп есептейді.
"Қазақстанда қаржылық сауаттылық мәселесі өте өзекті. Қазіргі кезде қазақ тілінде осы тақырыпқа арналған кітаптар көп емес. Сондықтан осы жобаны қаржыландырып, қазақ тілінде қаржылық сауаттылықты дамытуға қосқан үлесі үшін Home Credit Bank-ке үлкен алғысымды білдіремін. Бұл қазақ тілін де, халықтың қаржылық сауаттылығын да қолдаудың жақсы үлгісі болып табылады. Менің "Ақшаның жиырма жеті қағидасы" кітабым – әйелдердің экономикалық тәуелсіздігін дамытуға арналған миссиямның бір бөлігі. Осы мақсат тікелей әйелдердің қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғаумен байланысты. Алайда ақша мен отбасы бюджетін басқару қағидаларын тек әйелдер ғана емес, ерлер мен өсіп келе жатқан ұрпақ та білуі маңызды. Біз қаржылық сауаттылығымызды арттыру арқылы тұрақты әрі сапалы өмір салтын құра аламыз", - дейді ол.
Кітаптың жарық көруі банктің 20 жылдық мерейтойына орай өткізілген ауқымды әлеуметтік бағдарламаның соңғы жобасы болды. Осы жылы Home Credit Bank экологияны қорғау, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және қаржылық сауаттылықты арттыру бағытында бірқатар бастаманы жүзеге асырды:
- "Жасыл аллея" жобасы аясында еліміздің 12 қаласында 1200 ағаш отырғызылды;
- Абай облысындағы "Семей орманы" резерватында орманды қалпына келтіру мақсатында 1000 шырша егілді;
- "Бурабай" Ұлттық табиғи паркінде "Бөлектау" эко жолы салынды;
- Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарындағы жедел жәрдем қызметкерлеріне 1514 униформа жиынтығы табысталды;
- Алматының қала паркіне чех мүсінші Андреа Кобзаның "Поэзиомат" атты музыкалық-поэтикалық инсталляциясы сыйға тартылды. Онда қазақ авторларының өлеңдері мен әндері жиналған;
- Банк Астанада Жүрек орталығы қорының ағартушылық жұмысын және Jüregımnıñ Jeñımpazy қайырымдылық жүгіру іс-шарасын қолдады. Сондай-ақ жалпы сомасы 250 млн теңгеге басқа да қоғамдық маңызды жобалар жүзеге асырылды.
"Әрбір бастама компанияның әлеуметтік жауапкершілігінің жоғары деңгейін және Home Credit Bank командасының қоғам үшін маңызды құндылықтарға деген адалдығын көрсетеді. Бұл құндылықтар елдің экономикасы мен қаржы жүйесінің дамуына үлес қосып қана қоймай, ең бастысы, Қазақстандағы өмір сапасының жақсаруына ықпал етеді", - делінген банктің баспасөз хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/leisure/books/2311830-home-credit-bank-qazaq-tilinde-qarzhylyq-sauattylyq-turaly-kitapty-usyndy/