jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Атырауда өткен "Кітап FEST" фестиваліне 8000-нан астам тұрғын қатысты

    Атырауда өткен "Кітап FEST" фестивалі
    Атырауда өткен "Кітап FEST" фестивалі. Фото: Атырау облысы әкімдігі

    Атыраудағы Сұлтан Бейбарыс алаңында өткен ауқымды "Кітап FEST" фестиваліне 8000-нан астам адам жиналды. Кітап оқуды насихаттайтын мұндай кең көлемдегі іс-шара өңірде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

    Кітап жәрмеңкесіне 5000-нан астам кітап қойылды. Оған еліміздің сегіз баспасы мен облыс аудандарындағы кітап желілері қатысты. Фестиваль қорытындысы бойынша 4000-ға жуық кітап сатылып, тұрғындардың кітап оқуға деген қызығушылығының жоғары екенін байқатты.

    Атырауда өткен "Кітап FEST" фестивалі
    Атырауда өткен "Кітап FEST" фестивалі. Фото: Атырау облысы әкімдігі

    Облыс әкімі Серік Шәпкенов фестивальге қатысушыларды Ұлттық кітап күнімен құттықтап, өңірдің ең белсенді оқырмандарын марапаттады.

    Аймақ басшысы өз сөзінде Мемлекет басшысының "оқитын ұлтқа айналу" мақсаты жай ұран емес, қоғамды рухани дамуға бастайтын маңызды бағыт екенін атап өтті.

    Атырауда өткен "Кітап FEST" фестивалі
    Атырауда өткен "Кітап FEST" фестивалі. Фото: Атырау облысы әкімдігі

    "16-23 сәуір аралығында Ұлттық кітап күніне орай облыста көптеген іс-шара ұйымдастырылды. Бұл кітапқа деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. Бүгінгі фестиваль ақын-жазушыларды, әдебиет өкілдерін мен баспагерлерді бір алаңға тоғыстырды. Сіздер сөз арқылы қоғамдық сананы қалыптастырып, жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп келесіздер. Ұлттың рухани қазынасына баланатын еңбектеріңізге шынайы алғысымды айтамын. Сондай-ақ кітапхана қызметкерлеріне өз ризашылығымды білдіремін", – деді Шәпкенов.

    Атырауда өткен "Кітап FEST" фестивалі
    Атырауда өткен "Кітап FEST" фестивалі. Фото: Атырау облысы әкімдігі

    Фестиваль мазмұнды мәдени бағдарламамен жалғасты. Балаларға арналған мюзикл мен атыраулық көрнекті ақындардың шығармашылығына негізделген театрландырылған қойылым көптің көңілінен шықты.

    Атырауда өткен "Кітап FEST" фестивалі
    Атырауда өткен "Кітап FEST" фестивалі. Фото: Атырау облысы әкімдігі

    "Кітап FEST" қазақстандық эстрада жұлдыздары мен жергілікті өнерпаздардың қатысуымен өткен концертпен қорытындыланды.

    Атырауда өткен "Кітап FEST" фестиваліне 8000-нан астам тұрғын қатысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.