jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматы кітапханаларында балалар мен ересектер қандай тегін жазғы үйірмелерге қатыса алады

    Үйірме
    Үйірме. Нейрожелі арқылы жасалған сурет: NUR.KZ / Жұлдыз Кенжеғалиева

    Жаз – демалыс маусымы ғана емес, жаңа қабілет ашып, шығармашылықпен айналысуға әрі уақытты қызықты да пайдалы өткізуге тамаша мүмкіндік. Осыған орай, Алматы кітапханаларында балаларға, жасөспірімдерге мен ересектерге тегін жазғы үйірмелер мен танымдық бағдарламалар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

    Кітапханаларда шеберлік сабақтары, шығармашылық кештер, пікірталас алаңдары және түрлі білім беру бағдарламалары өткізіледі. Әркім өз қызығушылығына сай сан түрлі бағытты таңдай алады.

    Үйірмелердің негізгі бағыттары

    Маңызды: Үйірмелерге жазылу және қосымша ақпарат алу үшін көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарласуға немесе library.almaty ресми Instagram парақшасына жазуға болады.

    • Сәндік-қолданбалы өнер және қолөнер: дәстүрлі және заманауи қолөнер тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік береді.

    Өткізілетін орындары: И.А. Крылов атындағы кітапхана, Герольд Бельгер көшесіндегі филиал (1Б), №1, №14, №26, №33, №39 және №44 кітапханалар.

    • Кітап клубтары мен әдеби-танымдық клубтар: ой-өрісті кеңейтіп, кітап әлемін тереңірек тануға арналған.

    Өткізілетін орындары: А.П. Чехов атындағы кітапхана, Alatau Creative Hub, С. Бегалин атындағы кітапхана, Розыбакиев көшесіндегі филиал (247/7), №1, №14, №24, №26, №32 және №33 кітапханалар.

    • Компьютерлік сауаттылық: заманауи технологиялармен, цифрлық құралдармен және түрлі бағдарламалармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.

    Өткізілетін орындары: №44 кітапхана.

    • Шет тілдері және қазақ тілі курстары:

    - Қазақ тілі: И.А. Крылов атындағы кітапхана, №39 кітапхана.

    - Ағылшын тілі: И.А. Крылов атындағы кітапхана, Alatau Creative Hub, Алмалы кітапханасы, №30 және №33 кітапханалар.

    - Қытай тілі: Alatau Creative Hub, А.П. Чехов атындағы орталық қалалық кітапхана.

    • Шешендік өнер және актерлік шеберлік: көпшілік алдында сөйлеуді меңгергісі келетіндерге арналған арнайы сабақтар.

    Өткізілетін орындары: Alatau Creative Hub, И.А. Крылов атындағы кітапхана.

    Кітапханалар тізімі, мекенжайлары мен үйірмелер кестесі

    А.П. Чехов атындағы орталық қалалық кітапхана

    Байланыс телефоны: 8 708 218 4585

    Мекенжайы: Алмалы ауданы, Гоголь көшесі, 109

    Үйірмелер кестесі:

    • "Кітап талқы" (кітап талқылау клубы) – айына 1 рет, дүйсенбі, сағат 15:00 (18-20 жас)
    • Chinese club (қытай тілі курсы) – аптасына 2 рет, сәрсенбі, бейсенбі, сағат 16:00 (12-16 жас)
    • Contemporary English (ағылшын тілі курсы) – аптасына 1 рет, сейсенбі, сағат 20:00 (16+ жас)

    И.А. Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасы

    Байланыс телефоны: 8 707 190 00 64

    Мекенжайы: Бостандық ауданы, Әуезов көшесі, 175

    Үйірмелер кестесі:

    • "Алтын қолдар" (сәндік-қолданбалы өнер) – бейсенбі және сенбі, сағат 10:00-12:00 (6-12 жас)
    • "Тіл – қазына" (қазақ тілі үйірмесі) – сәрсенбі 12:00–13:00, сенбі 10:00-12:00 (7-12 жас)
    • "Ертегі терапиясы" – сейсенбі, сағат 14:00-14:45 (4-6 жас)
    • "Сахна және сaра сөз" (актерлік шеберлік және шешендік өнер) – дүйсенбі және сәрсенбі, сағат 10:00-12:00 (6-12 жас)

    Alatau Creative Hub

    Байланыс телефоны: 8 707 732 60 66

    Мекенжайы: Алатау ауданы, Нұркент шағынауданы, 5/11

    Үйірмелер кестесі:

    • "Көркемсурет" – сәрсенбі, жұма, 11:00-12:00 және 15:00-16:00 (9-15 жас)
    • "Қытай тілі курсы" – сейсенбі, бейсенбі, 10:00-11:00 және 15:00-16:00 (жас шектеуі жоқ)
    • "Көркем жазу" – дүйсенбі, жексенбі, 11:00-12:00 және 16:00-17:00 (5-10 жас)
    • "Ағылшын ересектерге" – сенбі, жексенбі, 14:00-15:00
    • "Кітап құмар" – сейсенбі, бейсенбі, 16:00-17:00 (12-14 жас)
    • "Сөз өнері" – сейсенбі, бейсенбі, 10:00-11:00 және 15:00-16:00 (10-15 жас)
    • "Шахмат" – бейсенбі, жұма, 11:00-12:00 және 15:00-16:00 (7-14 жас)
    • "Ағылшын тілі балаларға" – дүйсенбі, сәрсенбі, 11:00-12:00 (7-10 жас)

    С. Бегалин атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы

    Байланыс телефоны: 8 777 732 1594

    Мекенжайы: Медеу ауданы, Төле би көшесі, 27

    Үйірмелер кестесі:

    • "Қағазбен моделдеу" – әр сәрсенбі, 11:00 (6 жастан бастап бастауыш сынып оқушыларына арналған)

    Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы

    Байланыс телефоны: 8 708 124 4444

    Мекенжайы: Алмалы ауданы, Назарбаев даңғылы, 43

    Үйірмелер кестесі:

    • "Q-planet" – аптасына 1 рет (жас шектеуі жоқ)

    №1 кітапхана

    Байланыс телефоны: 8 777 217 46 88

    Мекенжайы: Түрксіб ауданы, Толстой көшесі, 36

    Үйірмелер кестесі:

    • "Әжемнің ертегісі" – айына 1 рет (5-6 жас)
    • "Шебер қолдар" – айына 1 рет (5-10 жас)

    №14 кітапхана

    Байланыс телефоны: 8 705 727 1611

    Мекенжайы: Бостандық ауданы, Римский-Корсаков көшесі, 3

    Үйірмелер кестесі:

    • "Қағаз-қайшы" – айына 2 рет, бейсенбі, 15:00 (7-15 жас)
    • "Оқырман" (кітап клубы) – айына 1 рет, бейсенбі, 18:00 (17-21 жас)
    • "АРТ терапия" – айына 2 рет, дүйсенбі, 12:00 (7-15 жас)
    • TalantLive (актерлік шеберлік) – айына 2 рет, сейсенбі, 12:00 (10-16 жас)

    №24 кітапхана

    Байланыс телефоны: 8 775 599 0220

    Мекенжайы: Жетісу ауданы, Айнабұлақ-4 шағынауданы, 174

    Үйірмелер кестесі:

    • "Сиқырлы қылқалам" (сурет салу) – ай сайын (5-9 жас)
    • "Оқитын ұлт" (кітап клубы) – ай сайын (8-сынып оқушылары)
    • "Ақпарат арнасы" (цифрлық сауаттылық клубы) – ай сайын (жас шектеуі жоқ)
    • StoryTime (ертегі оқу) – ай сайын (3–5 жас)

    №26 кітапхана

    Байланыс телефоны: 8 707 942 6181

    Мекенжайы: Түрксіб ауданы, Сейфуллин даңғылы, 102

    Үйірмелер кестесі:

    • "Үміт" (әдеби клуб) – тоқсанына 1 рет (14-16 жас)
    • "Шахмат" – тоқсанына 3 рет (10-12 жас)
    • "Тоқыма" – тоқсанына 3 рет (10-15 жас)

    №30 кітапхана

    Байланыс телефоны: 8 707 779 9769

    Мекенжайы: Түрксіб ауданы, Дөнентаев көшесі, 2А

    Үйірмелер кестесі:

    • Speaking club – айына 4 рет, сенбі, 11:00 (7-11 жас)
    • "Затейник" – айына 1 рет, жұма, 14:00 (7-11 жас)

    №32 кітапхана

    Байланыс телефоны: 8 747 171 8830

    Мекенжайы: Алмалы ауданы, Достық даңғылы, 42Б

    Үйірмелер кестесі:

    • "Лира" (әдеби клуб) – айына 1 рет, айдың соңғы бейсенбісі (50-60 жас)

    №33 кітапхана

    Байланыс телефоны: 8 705 203 8689

    Мекенжайы: Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 160

    Үйірмелер кестесі:

    • English Academic Club (ағылшын тілі) – айына 2 рет, сейсенбі, 11:00 (8-13 жас)
    • "Ғажайып қолдар" – айына 1 рет, сәрсенбі, 11:00 (7-12 жас)
    • "Ертегі оқып берейін" – айына 1 рет, бейсенбі, 11:00 (6-10 жас)

    №39 кітапхана

    Байланыс телефоны: 8 747 806 2843

    Мекенжайы: Медеу ауданы, Достық даңғылы, 111/4

    Үйірмелер кестесі:

    • "Ғажайып бояулар" (сурет салу) – айына 2 рет, бейсенбі, 15:00 (6-10 жас)
    • "Қазақша сөйлеп үйренейік" (қазақ тілі) – айына 2 рет, сенбі, 11:00 (7-11 жас)
    • "Шебер қолдар" (қолөнер академиясы) – айына 2 рет, сәрсенбі, 15:00 (7-12 жас)

    №44 кітапхана

    Байланыс телефоны: 8 775 472 2329

    Мекенжайы: Алатау ауданы, «Томирис» шағынауданы, Орталық көшесі, 126

    Үйірмелер кестесі:

    • "Компьютерлік сауаттылық" – апта сайын, сәрсенбі (жас шектеуі жоқ)
    • "Сиқырлы қағаз әлемі" – айына 2 рет, сейсенбі (5-13 жас)
    • "Ертегі терапиясы" – айына 1 рет, айдың соңғы жұмасы (5-8 жас)

    №45 кітапхана

    Байланыс телефоны: 8 702 437 3176

    Мекенжайы: Әуезов ауданы, Мамыр-7 шағынауданы, 8А

    Үйірмелер кестесі:

    • "Жүректен жүрекке" – екі айда 1 рет (60-80 жас)

    Алматы кітапханаларының филиалы (Розыбакиев көшесі, 247/7)

    Байланыс телефоны: 8 747 582 3841

    Үйірмелер кестесі:

    • "Шамшырақ" (кітап талқылау клубы) – айына 2 рет, сейсенбі, 20:00 (15-25 жас)

    Алматы кітапханаларының филиалы (Герольд Бельгер көшесі, 1Б)

    Байланыс телефоны: 8 747 727 7101

    Үйірмелер кестесі:

    • "Қылқалам" (сурет салу) – айына 2 рет, сәрсенбі, 14:00-15:00 (7-12 жас)
    • "Ертегі мен экран" – айына 2 рет (5-10 жас)
    • "Шеберлік әлемі" (сәндік-қолданбалы шығармашылық) – айына 2 рет, сенбі/жексенбі, 15:00-16:00 (7-12 жас)
    • Көркем жазу" – айына 1 рет (5-6 жас)
    Алматы кітапханаларында балалар мен ересектер қандай тегін жазғы үйірмелерге қатыса алады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.