jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған ауыл жігіттері түсірген фильм бір күнде 1 млн қаралым жинаған

    "Сыныптас" хикаясының актерлері. Фото
    "Сыныптас" хикаясының актерлері. Фото: instagram.com/manaspyn/

    YouTube платформасында көретін "Сыныптас" деп аталатын хикаяны бүгінде қазақтілді жастар сүйіп көреді. Жасөспірімдердің мектептегі хикаялары туралы бұл фильмді еліміздегі жас жайдарманшылар өз қаражатына түсіріп, бүгінде миллиондаған қаралым жинап отыр. Аталған жобаны жасауға атсалысқан жас жігіттер Қызық Live бағдарламасына келіп, хикая туралы тың мәліметтермен бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Аталған хикаяны сегіз жігіттен тұратын "Как будто" деп аталатын шығармашылық ұжым түсірген. Бұрын "Жайдарман" қатысушылары болған өнер иелері еліміздің әр түкпірінен жиналғанын айтады. Идея авторы да, продюсері де өздері. Одан бөлек, көптің ықыласына бөленген хикаяның кей эпизодтарын жігіттер тек қана смартфонның көмегіне жүгіне отырып жасаған екен.

    Фильмдегі мектеп оқушыларының рөлінде Азамат Тұрсынбай, Медет Жаңабаев, Асқар Оразбаев, Жарылқасынов Манас, Ғани Сайлаубек, Нұрғиса Қалжан, Нұрдәулет Жұмаев сынды актерлар ойнаған.

    Жайдарманшы Азамат Тұрсынбайдың айтуынша, бастапқыда шығармашылық топ вайн түсірумен айналысқан. Бір жылдан кейін олар жиналып, көрерменге тың дүние ұсынуға шешкен.

    Ал топ мүшесі Жарылқасынов Манас болса, олар хикая түсіруге кеткен қаражатты өздерінің қалтасынан шығарғанын жеткізді. Аталған хикаяның бірінші сериясы бір күнде 1 млн-нан астам қаралым жинап, көрермендердің ерекше ықыласына бөленген. Осыдан кейін-ақ оларға спонсорлар хабарласып, демеушілік жасауға келісім жасапты.

    Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған ауыл жігіттері түсірген фильм бір күнде 1 млн қаралым жинаған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.